Архив событий

11/08/2014

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

11/08/2014

Бүгін Ақтөбе қалалық сотында талапкер Н.Күлекенованың жауапкер «Микс Декор» ЖШС-ге материалдық және моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі бітімгершілік келісіммен аяқталды.

Талапкер жауапкер «Микс Декор» ЖШС-мен арасында 1 427 000 теңгеге бірнеше бұйымдарды дайындау, жеткізу және монтаждау шарты болғаны  анықталды, алайда жауапкер шарттың орындау мерзімі өтседе өз міндетіне салғырттық танытқан. Жауапкерге жіберген ескертуі нәтижесіз қалуы себепті талапкер сотқа жүгінуге мәжбүр болды.

Департамент басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының жұмысымен танысты

11/08/2014

2014 жылғы 8 тамызда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С. Испанов Оңтүстік Қазақстан облысының соттарын аралап, облыстық сот кеңсесінің ұжымымен кездесті.

Іссапар аудандық және оған теңестірілген соттардың жаңадан тағайындалған судьяларының жұмыс орындарымен танысудан басталды.

Жұмыс сапары барысында Департамент басшысы Абай, Әл-Фараби, Еңбекшықазақ аудандық соттары мен Шымкент қаласында орналасқан мамандандырылған соттарында болды. 

ЮНИСЕФ сарапшылары Семейдің №2 Ювеналды сотында

11/08/2014

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының Біріккен  Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы   Өкілдігінің  ынтымақтастығы  аясында ЮНИСЕФ сарапшылары ағымдағы жылы кәмелетке  толмағандардың істері  жөніндегі  соттардың  қазақстандық моделін бағалау, олардың  дамуын, нәтижесімен жинақталған  тәжірибесін  құжаттандыру  бойынша  жобаны  жүзеге  асырмақ.