Архив событий

18/08/2014

Мемлекеттік туды дұрыс қолданбағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды

18/08/2014

Бүгін  Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 354-1-бабының 1-бөлігі бойынша  (Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын заңсыз пайдалану)  А. Есенбековке қатысты істі қарады.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, құқық бұзушы А.Есенбеков әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.

Медиация туралы Заңды қолдануда туындайтын мәселелер талқыланды

18/08/2014

Бүгін Алматы облыстық сотында «Медиация туралы» Заңды қолдануда туындайтын мәселелерге арналған  дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған іс-шараға облыстық, қалалық, мамандандырылған ауданаралық экономикалық, Көксу, Ескелді, Қаратал, Ақсу аудандық, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттардың судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қатысты. 

Жергілікті мемлекеттік органдар арасында волейболдан жарыс өтті

18/08/2014

2014 жылғы 16 тамызда  Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде Конституция күні мерекесіне орайластырылып, жергілікті мемлекеттік органдар арасында волейболдан жарыс өтті.   

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткізілген іс-шараның мақсаты жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерін достыққа, патриоттық сезімге, салауатты өмір салтына баулу болып табылады.

Жиынды облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қайрат Төлепбергенұлы Адранов ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сотталған азаматқа тыйым салынған затты табыстағаны үшін сот әкімшілік жауапкершілікке тартты

18/08/2014

Ақмола облысы Жарқайың аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 367-бабы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде отырған адамға сақтауға, пайдалануға тыйым салынатын заттарды бергені үшін бұрын сотты болған азамат К-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Жоғарғы Сотта ақпараттық-коммуникациялық сервистерді кеңінен қолдану мәселелері талқыланды

18/08/2014

Ағымдағы жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы І.С.Испановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға Департамент басшылығы, ҚР Жоғарғы Соты аппаратының бөлім меңгерушілері мен жауапты қызметкерлері, сондай-ақ бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар кеңселерінің басшылық құрамы қатысты.