Архив событий

21/08/2014

Петропавл қалалық сотында интернат тәрбиеленушілерімен кездесу өтті

21/08/2014

Қазақстан Республикасы Конституциясы мерекесінің қарсаңында Петропавл қалалық сотында ашық есік күні өтіп, оған жетім және ата-ананың қорғауынсыз қалған балалар облыстық мектеп-интернатының жоғарғы сынып тәрбиеленушілері қатысты.

Оқушылар қылмыстық іс бойынша сот процестерінің біріне қатысты.

Сот процесінен кейін мектеп-интернат тәрбиеленушілері судья Михаил Гусевтің «Қылмыс және жаза түрлері» тақырыбындағы дәрісін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдану тарихын тыңдады.

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен брифинг өтті

21/08/2014

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Ақылтай Қасымов пен Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының судьясы Жаңылсын Архарованың қатысуымен брифинг өтті.

Спикерлер қылмыстық және азаматтық заңнама мен сот өндірісінің жаңа моделіне көшудің негізгі мәселелерін түсіндірді.