Архив событий

25/08/2014

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын өтті

25/08/2014

Бүгін Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.

Салтанатты іс-шараны аша отырып, Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми шараға қатысушыларды алдағы мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ата Заңымыздың мемлекет пен қоғамның дамуындағы және әрбір қазақстандықтың өміріндегі рөлін атап өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде селекторлық кеңес өтті

25/08/2014

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің, Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыровтің және Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар судьялары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының басшылары қатысты. 

Қостанай облыстық сотының отставкадағы судьясы А.Рахаделова «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының «Заң аумағы» бағдарламасына қатысты

25/08/2014

Бүгін тікелей эфирде отставкадағы судья А.Рахаделова және соттардағы мемлекет мүддесіне өкілдік ету жөніндегі басқармасының аға прокуроры А. Мирамов «Қолданыстағы Медиация» тақырыбын талқылады.

Бағдарлама барысында медиацияның қандай жағдайда қолданылатындығы, сонымен қатар медиацияның артықшылықтары, даулардың медиация тәртібінде реттелуі сияқты маңызды мәселелер талқыға салынды.