Архив событий

21/09/2017

Ақтауда халықаралық семинарға қатысушылар экологиялық заңнамаларды қолданудың сот практикасын талқылады

21/09/2017

Ақтау қаласындағы «Экологиялық заңнаманы қолданудың сот практикасы. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексін қолданудағы маңызды мәселелер» тақырыбындағы екі күндік халықаралық аймақтық семинар өз жұмысын бастады.

Қостанайда заңды тұлғалар арасындағы берешекті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде аяқталды

21/09/2017

Екі заңды тұлға арасында шарт жасалып, соған сәйкес ЖШС мердігер ретінде Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Надеждин кенішінің карьерін дегран одиориттерді 200 000 текше метр көлемінде жарылыс жұмыстарын орындауын жүзеге асырған.

Жамбыл облысында «Электронды қылмыстық істің» жобасы жүзеге асырылды

21/09/2017

Тараз қаласының №2 сотында күдікті Т.-ға қатысты қамақта ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау өтті.

Процестің назар аударарлығы, «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру аясында республика бойынша алғаш рет өткізілуінде болып табылады.

Іс материалдарын қарау бейнебайланыс арқылы сот пен Тараз қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысының арасында онлайн режимде, күдіктіні сотқа алып келмей-ақ өткізілді. 

Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов Павлодар және Екібастұз тұрғындарымен кездесті

21/09/2017

Кездесулерге сонымен қатар Павлодар қаласының №2 соты төрағасының м.а. Әнуарбек Оспанов, Екібастұз қалалық сотының төрағасы Қабиболла Бағоншеков сот корпусы, адвокаттар қауымдастығының өкілдері, мемлекеттік, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес секторының басшылары, медиаторлар және т.б. қатысты

М.Смағұлов өз сөзінде қылмыстық процес пен құқық қорғау қызметінің ұсынылған реформасын құқық үстемдігін қамтамасыз ету бойынша өткізілген саясаттың жаңа кезеңі деп атады.