Архив событий

03/10/2017

Жамбыл облыстық сотының судьялары қылмыстық процестегі реформалар туралы хабарлады

03/10/2017

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов, БАҚ-пен өзара үйлестіруші судья Гүлнар Сыздықова қылмыстық процесті жетілдіру туралы журналистерге айтып берді. Судьялар  тергеу, прокуратура, сот пен азаматтардың арасында туындайтын қатынастың оңайлататын жаңадан енгізілген және де келешектегі болатын өзгерістер жөнінде мәлімдеді.

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Жәнібек және Казталов аудандарының тұрғындарымен кездесті

03/10/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов жұмыс сапары барысында Жәнібек, Казталов аудандарының белсенділерімен кездесіп, үш аудандық соттардың ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді.

Кездесу шеңберінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелерінің басшылармен кеңес ұйымдастырылды.

Іс шараға аудандық және ауылдық округтерінің әкімдері, медиаторлар,  адвокаттар, жергілікті тұрғандар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысының Шар қаласында сот жүйесінің ардагері Қасымхан Мусинге арналған мемориалдық ескерткіш тақта ашылды

03/10/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев және Жарма ауданының әкімі Нұрлан Сыдықов Шар қаласында сот жүйесінің ардагері Қасымхан Мусинге арналған мемориалдық ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты.

Салтанатты іс шараға Судьялар Одағы филиалының төрағасы Елдос Жұмақсанов, Жарма ауданының №2 сотының судьялары, мемлекеттік органдардың өкілдері, ардагерлер және судьяның туған-туыстары қатысты.

Павлодар қалалық соты полиция қызметкерін жұмысқа қайта алдырды және амалсыз бос жүрген уақыты үшін милллионнан астам теңгені төлеуге міндеттеді

03/10/2017

Павлодар қалалық сотында С-тың Павлодар облысының ІІД-не  жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

С. 2015 жылы Павлодар облысы ІІД-нің тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылданғаны анықталды. Еңбек қатынастары жұмыс берушінің бастамасы бойынша тоқтатылған, себебі талапкер екі жұмыс күні ішінде дәлелді себепсіз қызметте болмай, қызметтік тәртіпті өрескел бұзған.