Архив событий

05/10/2017

Жоғарғы Сотта үкімдерді орындау мәселелері талқыланды

05/10/2017

Бүгін еліміздің жоғары сот органында «Үкімді орындаумен байланысты мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны Қазақстанның Жоғарғы Соты мен «IRZ» Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоры ұйымдастырды.

Оңтүстік Қазақстан облысында прокурордың сот ісіне қатысуы қашықтықтан бейнеконференцбайланыс көмегімен қамтамасыз етілді

05/10/2017

Мақтаарал ауданының №2 аудандық соты С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап, оны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты.

Сот отырысында құқық С.-ның а.ж. 15 қыркүйекте сағат 14.00 шамасында Мақтаарал ауданы Мырзакентте, Тілеубердин көшесінің бойында Г.-ға былапыт сөйлеп және қорлап тиісіп, ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылықты жасағаны анықталды.

Алматы облысында сот борышкердің қарыз болуына байланысты жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатты

05/10/2017

Алматы облысы Алакөл ауданының № 2 аудандық сотына жеке сот орындаушысы борышкер М.-ға берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын уақытша шектеу туралы ұсыныс түсті.