Архив событий

06/10/2017

Жоғарғы Соттың жалпы отырысы бірқатар нормативтік қаулыларды қабылдады

06/10/2017

Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми жоғары сот органының кезекті жалпы отырысын өткізді. Іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрғалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңестің мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, әділет, ішкі істер, қаржы, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, дін істері және азаматтық қоғам министрліктерінің, Ұлттық Банк пен Кәсіподақтар федерациясының жауапты қызметкерлері қатысты.

Астана қаласы №2 Сарыарқа аудандық сотында сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды

06/10/2017

Астана қаласы №2 Сарыарқа  аудандық сотында өткен «дөңгелек үстел» жұмысына Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Асқар Кенжеғарин, судьялар, Жоғарғы Сот аппаратының, Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының, Астана қаласы ІІД және Сарыарқа ауданының ІІБ, Тілдерді дамыту басқармасының өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында оңалту және банкроттыққа қатысты жаңа механизмдерді енгізу мәселелері талқыланды

06/10/2017

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Оңалту және банкроттыққа қатысты жаңа механизмдерді енгізу, сондай-ақ төлемдерді өтеу мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстелге» судьялар, прокуратура өкілдері Мағираш  Заинова,  Данияр Өтешқалиев, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері Сайран Қабыш, Ержан Жұмажанов, Сайран Уәлибекова, банктік басқарма өкілдері, және судья лауазымына үміткер тағылымдамашылар қатысты.

Астанада заңгерлерлік кәсіпті реттеудің өзекті мәселелері талқыланды

06/10/2017

Бүгін «Rixsos»  қонақ үйінде «Қазақстан Республикасындағы заңгерлік кәсіпті реттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараны Әділет министрлігі мен Жоғарғы Сот «Kazakhstan Bar Association» Қазақстандағы коммерциялық заңгерлер алқасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қызылордада облыстық сотының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілерге «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктерін түсіндірді

06/10/2017

«Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Қызылорда - Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Шыңғыс Аманқұлов пен қалалық соттың кеңсе меңгерушісі Нұрила Дүйсенова Халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау өткізді.