Архив событий

18/10/2017

Қызылорда облысының судьялары салық органдарының әрекеттеріне шағым жасау жөніндегі дауларды талқылады

18/10/2017

Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхади Шығамбаев салық органдарының әрекеттеріне дау айту туралы азаматтық істер бойынша туындаған мәселелер тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Қызылорда облыстық сотының, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және прокурорлар қатысты. 

Қарағанды облыстық сотында судья лауазымына үміткерлерге арналған семинар өтті

18/10/2017

ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң академиясының қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі Әлімхан Майтанов қылмыстық-процестік құқық бойынша сот қызметкерлеріне дәріс оқыды.

Іс-шара Қарағанды облыстық соты мен Қарағандының жоғары оқу орындары арасында жасалған меморандум негізінде өткізіліп отыр.

Республика соттары үздік аудармашыларды анықтады

18/10/2017

Жамбыл облыстық соты «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» атты ауданның мемлекеттік қызметкерлері қатысқан байқау өткізді.

Әділқазылар алқасы құрамына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков, облыстық соттың судьялары Дінмұхаммед Әзіретқұлов, Ғалым Құлекеев, Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының өкілі Айгүл Тыныстаева кірді.