Инвестициялық даулар: Жоғарғы Соттың соттылығы және басқа да өзекті сұрақтарға жауаптар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Инвестициялық даулар: Жоғарғы Соттың соттылығы және басқа да өзекті сұрақтарға жауаптар»

 

Инвестор болып кім табылады және инвестициялық қызмет деп нені түсінеміз?

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 274- бабына сәйкес, инвестор деп Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар түсініледі.

Жеке және заңды тұлғалардың коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу не кәсiпкерлiк қызмет үшiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын, оның ішінде концессиялық жобаны іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi құру немесе ұлғайту жөнiндегi қызметi инвестициялық қызмет деп танылады.

Тiркелген активтердi ұлғайту немесе құру деп инвестициялық шарттың, жер қойнауын пайдаланудағы келісімшарттың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессиялық шарттар  талаптарымен көзделген, тіркелген активтерге белгіленген мөлшерде және мерзімде инвестициялауды жүзеге асыру табылады.

Инвестициялық дау дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің 274- бабының талаптарына сәйкес, инвестордың инвестициялық қызметiне байланысты инвесторлар, оның ішінде ірі инвесторлар мен мемлекеттiк органдар арасындағы шарттық мiндеттемелерден туындайтын дау инвестициялық дау болып табылады.

 

Инвестордың инвестициялық қызметімен байланысты шартты міндеттемелері дегеніміз не?

Инвестициялық келісімшарттар ретінде, немесе инвестицияны жүзеге асырумен байланысты басқа да шарттар, оның ішінде  концессиялық шарттар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары ретінде рәсімделген инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы шарттық міндеттемелер (инвестицияны жүзеге асыру шарты).

Бұл ретте инвестицияны жүзеге асыру шарты әртүрлі атау білдіруі немесе атаусыз болуы мүмкін, бірақ негізгі айыру белгілері болуы қажет: шарт нысаны (инвестициялау объекті), салым мөлшері, сонымен қатар шарттың үлгісіне қойылатын басқа да елеулі талаптар.  

 

Инвестияциялық дауларды қарау шеңберінде «мемлекеттік орган» ұғымы нені білдіреді?

Инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында «мемлекеттік орган» деп инвесторлармен тек өзінің атынан емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасы атынан шарт жасасқан мемлекеттік органдар (осыған байланысты инвестициялық дауларға сонымен қатар тарап ретінде Қазақстан Республикасы өтетін, жер қойнауын пайдаланудағы келісімшарттар жатады).

 

Қандай даулар инвистициялық болып табылады?

Келесі даулардың түрі инивистициялық даулар болып табылады:

  1. инвистицияларды жүзеге асыру бойынша шарттарды жасауға, өзгертуге және бұзуға байланысты даулар;
  2. инвестицияны жүзеге асыру бойынша келісім-шарттан туындайтын инвестордың салық, әлеуметтік, экологиялық және тағы да басқа міндеттерін орындау, сондай-ақ, инвестордың келесім-шарт шеңберінде салынған соммасын қорғау бойынша даулар;   
  3. инвестицияларды жүзеге асыру бойынша келісім-шарттардың шарттарын сақтау бойынша тексеру  барысында мемлекеттік органдардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) инвесторлармен шағымдану бойынша даулар;
  4. заттай грант ретінде инвесторларға берілген мүлікті қайтарып алуға немесе инвестицияны жүзеге асыру бойынша келісім-шартты мерзімінен бұрын тоқтату барысында аталған мүліктің құнын қайтару бойынша даулар;
  5. инвистицияны жүзеге асыру үшін келісім-шарттың өзара міндеттерін орындауға байланысты инвесторлардың талап арыздары бойынша, әлде мемлекеттік органдардың талап арыздары бойынша даулар;

 

Бірінші инстанциядағы соттардың қағидаты бойынша қандай инвестициялық даулар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қаралады?  

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 28-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Жоғарғы Сот, бір тарапы ірі инвестор болып табылатын инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша, қарайды және шешеді.

Кәсіпкерлік Кодексі 274-бабына сәйкес, ірі инвестор деп Қазақстан Республикасында айлық есептік көрсеткіштің кемінде екі миллион еселенген мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға түсініледі.

Осыған орай, Жоғарғы Сотпен, тараптары ірі инвестор және мемлекеттік орган болып табылатын инвистицияны жүзеге асыру бойынша келісім-шарттың өзара міндеттерін орындауға байланысты даулар қаралады.

Осыған байланысты талап арызды беру барысында, талапкер (инвестор немесе мемлекеттік орган) міндетті түрде, жауапкердің міндеттемелері туындайтын, атап айтқанда ірі инвестор статусын дәлелдейтін инвестицияны жүзеге асыру бойынша келісім-шартты ұсыну қажет. 

 

Қандай инвестициялық даулар бірінші сатыдағы соттың қағидалары бойынша Астана қаласы сотының соттылығына жатады?

Азаматтық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес Астана қаласының соты инвестиция көлемі 2 миллион айлық есептік көрсеткіштен аз болатын инвестициялық даулар бойынша, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.

Астана қаласының соты инвесторлардың инвестициялық қызметіне байланысты инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзге де дауларды:

1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің);

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдіктің қатысуымен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның;

3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарты болған кезде инвесторлардың қатысуымен қарайды.

 

Өзге дауларға келесі даулар жатады:

  1. инвесторлардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген құқықтары мен мүдделерін бұзатын мемлекеттік органдардың іс-әрекетімен байланысты;
  2. Қазақстан Республикасының инвестиция саласындағы заңнамасын бұзатын инвесторлардың іс-әрекеті.

Мысал ретінде аталған даулар бойынша тізім:

- инвесторға инвестициялық қызмет жасау үшін рұқсат беру;

- инвестордың құқығын бұзатын (лицензиялау саласында, инвестиция жөніндегі келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты емес салық, кедендік және өзге де бюджетке төленетін төлемдер бойынша) мемлекеттік органның лауазымды адамдар әрекеттерiнің (әрекетсiздiгiнің) заңдылығын даулау;

- инвестицияға жөніндегі келісім шарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты емес, мемлекеттік органның инвестордан бюджетке төленетін салық және басқа да мiндеттi төлемдерді, кедендік төлемдерді өндіру туралы;

- мемлекет мұқтажы және шығындарды өтеу үшін инвестордың мүлкін (мемлекет меншігіне алу, реквизициялау) алып қою;  

-Қазақстан Республикасы заңына қайшы мемлекеттік органдармен шығарылған актілерді нәтижесінде инвесторға келтірген зардаптың орнын басу;

- инвестицияларды жүзеге асыру кезеңiмен байланысты келісім шарттардың міндеттерін орындаумен қатысы жоқ мемлекет органдар және инвесторлар арасындағы дау.

 

Қандай даулардың соттылығын аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттарға жатады?

Аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың соттылығына төмендегілер жатады:

  • инвестициялық қызметке қатысу жоқ инвесторлардың қатысуымен байланысты қарым-қатынастардан туындайтын өзге даулар. Ондай дауларға жұмыскерлер мен инвестор арасындағы еңбек, инвестордың қатысуымен корпоративтік,  инвестордың кесірінен болған және тағы да басқа міндеттерден туындайтын дауларды жатқызуға болады.
  • оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде инвестор қатысатын даулар. 

Азаматтық істер санатын дұрыс ажырату және инвестициялық даулар бойынша соттылықты анықтау мақсатында инвесторлардың өкілдеріне ұсынылады:

         - сотқа берілетін талап арыздарда іс жүргізу және инвестициялық заңнамамен бекітілген талаптарды қатаң ұстануға (тек өзінің мәртебесін ғана емес, даулы құқықтық қатынасты және мемлекеттік орган тарапынан бұзылған келісімнің нақты шарттарын (тармақтарын) ескеру қажет);

          - «инвестициялық даулар» ұғымын анықтау кезінде, шарттық мiндеттемелерді орындаумен байланысты емес, олардың қатысуымен салық, кеден, экологиялық және басқа да жария- құқықтық даулар, мемлекетпен инвесторға атаулы сипаттағы преференциялармен қамтамасыз етілген жекелеген жағдайдарды қоспағанда, Астана қалалық сотының соттылығына жататын «инвестордың инвестициялық қызметімен байланысты басқа даулар» санатына жатады.

Азаматтық іс жүргізу және инвестиялық заңнама нормаларына сәйкес, даудың соттылығын (Астана қалалық сотына немесе Жоғарғы Сотқа) дәлелдеу ауыртпалығы арызданушыға жүктеледі. 

         Бұл үшін, талап арыздарда істің санаты (инвестициялық дау немесе инвестициялық қызметімен байланысты басқа дау) және соттылығы жөнінде толық негіздеме келтіру, инвестордың мәртебесін растау мақсатында мемлекет экономикасына салынған инвестицияның мөлшерін көрсете отырып, келісім міндеттемелерінен туындайтын инвестицияларды жүзеге асыру туралы келісім – шарттың талаптарын көрсету, сонымен қатар инвестициялық қызмет және даудың осындай қызметпен байланысты екендігі туралы нақты мәліметтерді көрсету қажет.

Растайтын құжаттар ретінде талап арызға (арызға) міндетті түрде құжаттар тіркелуі тиіс:

1) инвестор мен уәкілетті мемлекеттік органның арасында жасалған инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі келісім-шарт көшірмелері;

2) инвестордың инвестициялық қызметін растайтын құжаттар (жұмыс бағдарламалары және шарттық талаптардың орындалуы туралы есептер, инвестициялық бағдарламалар және басқалары);

3) инвестордың әкімшілік жауаптылыққа тартылғандығын растайтын құжаттар (болған жағдайда).

Көрсетілген мәліметтердің және құжаттардың болмауы АПК-нің 152-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес берілген талап арыздың (арыздың) тіркелген барлық құжаттарымен қайтарылуын көздейді.

 

Жоғарғы Сотқа жүгіну кезінде мемлекеттік бажды төлеу үшін деректер:

Бенефициар: «Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Есіл ауданы бойынша басқармасы».

БСН: 081240013779

БКК: 108125

Қабылдаушы банк: «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ

ЖСК: KZ24070105KSN0000000

БСК: KKMFKZ2A

КБе: 11

Салық органының коды: 6205

ТТК: 911