Мантия - Қазақстан Республикасының судьяларына арналған арнаулы киім нысаны

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жалпы отырысының

2014 жылғы 22 тамыздағы №14 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУДЬЯЛАРЫ

МАНТИЯСЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы судьяларының корпусына арналған мантия желбегей нысанда тік пішінді болады. Ол тығыз өрімделген сырты күңгірт және ішкі жағы жылтыр қара көк, қалың матадан тігіледі.

Қапталы тұтас. Иығының сызығы орташа, жең ойығы бос, бүйір тігістерінде қалталар орналасқан. Түймелігі екі қатарлы, жіңішке көмкеріледі, қапталдың жоғары жағындағы төрт түймеге түймеленеді. Ерлерге арналған мантия солдан оңға қарай, әйелдерге арналған мантия – оңнан солға қарай түймеленеді.

Мантияның арқалығында  тігіс ортасынан жүргізілген.

Жеңі бос және тік, бір тігісті, жеңінің төменгі жағы (төменнен 12 см) алтын түсті атлас жиекпен бөлінеді.

Биіктігі 4,5 см болатын тік жағалы, жағасының ортасынан алдында Қазақстан Республикасы туының оюы (алтынға ұқсас метажіппен жасалады) кестемен (тегіс) симметриялық түрде орналасады. Жағасының жоғарғы жағы қара көк түсті атлас жиегімен өңделеді.

Өңірлік жаға қысқа доға тәрізді тік жағадан және шағын өңірліктен тұратын ақ жібек матадан дайындалады.  

Мантияның ұзындығы: еденнен 25-35 см. Мантияның астары болмайды, қайып тігу тігістері бүгіліп, көктеу жолымен өңделіп, үтіктеледі. Жең мен мантияның асты бүгіліп көктеледі және жасырын тігіспен бекітіледі.

Түймелер алтын түспен жалатылған металдан дайындалады, онда Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бедерлі бейнесі суреттеледі. Түймелерінің диаметрі 22,0 мм.

Ауа жақсы алмасуы үшін бұйымның жең ойығы астында желдету блоктары көзделеді.

Мантияның көлемі судьяның бойына (165,0 см-ға дейін, 175,0 см-ға дейін, 185,0 см-ға дейін, 195,0 см-ға дейін), мойын айналымына, кеуденің жарты құшағына қарай белгіленеді.

Тиесілілік нормасы: бір мантия әрбір судьяға 2 жыл мерзімге беріледі.

 

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жалпы отырысының

2014 жылғы 22 тамыздағы №14 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жалпы отырысының

2014 жылғы 22 тамыздағы №14 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Жоғарғы Сотының жалпы отырысының

2014 жылғы 22 тамыздағы №14 қаулысымен

БЕКІТІЛГЕН