ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттары төрағаларының кеңесі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2006 жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің (Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) Жоғарғы соттары төрағаларының жыл сайынғы кездесуін өткізу туралы шешім қабылданды.

         Кеңес ШЫҰ шеңберінде сот саласы бойынша өзара іс-қимыл жасаудың консультациялық тетігі болып табылады.

         Кеңес мынадай бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады:

         ШЫҰ шеңберінде сот саласындағы ынтымақтастықты дамыту, бірлескен бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу;

         ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің сот саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері жөніндегі шешімдерін орындауға жәрдемдесу;

         ШЫҰ Хатшылығымен және басқа да органдармен өз құзыреті шегінде практикалық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;

         ынтымақтастықты дамытудың ағымдағы және перспективалық мәселелерін шешу мақсатында тәжірибе және ақпарат алмасуға жәрдемдесу.

 

         Өткен кеңестердің хроникасы;

Бірінші кеңес – 2006 жылы 20-22 қыркүйек Шанхай қаласы (Қытай);

Екінші кеңес – 2007 жылы 10-12 сәуір Санкт-Петербург қаласы (Ресей);

Үшінші кеңес – 2008 жылы 19-20 мамыр Астана қаласы (Қазақстан);

Төртінші кеңес – 2009 жылы 9-10 қыркүйек Бішкек қаласы (Қырғызстан);

Бесінші кеңес – 2010 жылы 26-28 мамыр Душанбе қаласы (Тәжікстан);

Алтыншы кеңес – 2011 жылғы 18-20 қазан Ташкент қаласы (Өзбекстан)

Жетінші кеңес -  2012 жылғы 23-25 сәуір Пекин қаласы (Қытай)

Сегізінші кеңес -  2013 жылғы 20-21 ақпан Мәскеу қаласы (Ресей)

Тоғызыншы кеңес -  2014 жылғы 4-5  қыркүйек Астана қаласы (Қазақстан)