Судьялардың 2017 жылдың 1-жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған Жоғарғы Сотта өткен кеңейтілген кеңестің жұмысы туралы БАҚ материалдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

inform.kz | Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі, 21.07.2017ж.,

Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Жоғарғы соты департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шілде айының 17-сінен бастап республиканың барлық бірінші сатыдағы соттарында электронды сот бұйрығын енгіздік. Яғни, сотқа жүгіну қағаз түрінде емес электронды түрде болады. Мәселен, коммуналдық мекеме белгіленген тәртіппен электронды түрде сотқа жүгінеді.  Өтініш электронды түрде түскеннен кейін кеңседе тиісінше тіркеуден өтіп, судьяның компьютеріне келеді. Судья қарап, бұйрық шығаратын негіз болса, оны электронды түрде шығарып қайтадан кеңсеге жөнелтеді. Ал кеңседен арызданушыға электронды түрде жіберіледі. Бұл жерде ешқандай қағаз айналымы болмайды», - деді ол.

Оның айтуынша, ендігі уақытта Жоғарғы сот электронды санкция беру мәселесін қолға алған.

«Тиісті материалдар прокуратурадан сотқа электронды түрде түседі. Онымен танысқаннан кейін егер санкция берілетін болып шешім қабылданса, санкция өтініш берген органға электронды түрде жіберіледі.  Қазіргі уақытта мұны да ілкі жоба ретінде енгіздік. Алдағы үлкен мақсатымыз электронды сот мәжіліс залы болып отыр. Қазіргі уақытта оның жоспарын құрып,  техникалық жағынан қамтамасыз етіп жатырмыз, ал бағдарлама жағынан қамтамасыз етіп қойдық. Ол «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», - деді Н.Шәріпов.

Департамент басшысының айтуынша, аталған жоба аясында судьяның, сотқа қатысушы адвокат пен прокурордың алдында бір жүйеге тіркелген компьютор болады. Қаралатын іске қатысты барлық тергеу материалдары монитордан шығып тұрады.

«Бұл жобамен қазір біз тыңғылықты айналысудамыз. Жылдың соңына дейін қосамыз деген жоспарымыз бар», - деді ол.

 

inform.kz | Биыл жаңа ереже бойынша 191 кандидат судья лауазымына тағайындалды, 21.07.2017 ж.,

Ағымдағы жылы жаңа ереже бойынша 191 кандидат судья лауазымына тағайындалды. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоғары білікті судьялар корпусын  қалыптастыру  қашанда бірінші кезектегі мәселе. Судья болғысы келетін кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары мен іріктеу механизмдері айтарлықтай күшейтілді.  Ағымдағы жылы жаңа ереже бойынша 191 кандидат судья лауазымына тағайындалды. Сот жүйесі өз қызметін жаңа форматта жүзеге асыруда», - деді ол.

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, біліктілік комиссиясы биыл 140 судьяның кәсіби қызметін тексеріп, судьялар корпусының басым бөлігі кәсіби деңгейінің жоғары екендігін дәлелдеген.

«Үш сатылы деңгейдегі соттар  жұмысы Мемлекет басшысы мен халық  тарабынан жоғары бағаланып отыр.  Бұл Ұлт жоспарын іске асыру нәтижесінде қол жеткізген  оң көрсеткіштер болып саналады.  Жұмысымыздың осы бағытының қорытындысын шығара келе  Ұлт жоспарында көзделген барлық міндеттерді Жоғарғы сот  табысты орындады және іске қосылған жаңашылдықтар практикада өз өміршеңдігін дәлелдеді деп  нық сеніммен айтуға болады», - деді Қайрат Мәми.

 

inform.kz | Қазақстанда ақтау үкімдерінің саны артты, 21.07.2017 ж.

Қазақстанда ақтау үкімдерінің саны 11,7 пайызға артты. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз соңғы  2 жылда сот жүйесін кешенді жаңғырту бойынша  түбегейлі шараларды іске асырып үлгердік. Осы уақытта үш сатылы сот жүйесі, сондай-ақ судьяларды іріктеу мен мансаптық ілгерілетудің жаңа ережелері күрделі сынақтан өтті. 2016 жылдың қорытындысына орай  осы жылдың басында, осы залда сот әділдігінің сапасын  талқылаған кезде сот әділдігі  неғұрлым жақсарғанын айтқан болатынбыз. Аталған үрдіс ағымдағы жылы да өз жалғасын тауып отыр», - деді Қайрат Мәми.

Осы орайда Жоғарғы сот төрағасы алқалы жиынға қатысушылардың назарын кейбір статистикалық деректерге аударды.

«Азаматтық істерді қарау мерзімі 2 есеге қысқарды. Олардың 83,5 пайызы алғашқы сот отырысында аяқталып, түпкілікті шешімін тапты. Сот бұйрығы  негізінде қаралған істер 4 есеге, баламалы тәсілдер бойынша аяқталған істер 3 есеге, медиация тәртібінде қаралған істердің саны 1,6 есеге артты. Азаматтық істердің 62,5 пайызы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралуда. Қылмыстық істер бойынша да дәл осындай ахуал қалыптасып отыр. Республика бойынша  келісімдік негіздегі істер  саны 2 есеге жуық, қысқартылған тәртіппен қаралған  қылмыстық істер саны 3,5 есеге,  медицияны қолдану арқылы аяқталған істердің саны 1,5 есеге  артты. Ақтау үкімдерінің саны 11,7 пайызға көбейіп, алқа билерінің  қатысуымен қаралған істердің саны 32-ге артты.  Қорыта келгенде істердің барлық санаттары бойынша сот әділдігін жүзеге асыру сапасы жоғары деңгейде қалып отыр», - деді ол.

 

inform.kz | Жазаланушыларды қоғамдық жұмыстарға көптеп тарту қажет - А.Рахметулин, 21.07.2017 ж.,

Жазаланушыларды қоғамдық жұмыстарға көптеп тарту қажет. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы соты Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республика бойынша соттарымыз заң талабына сай әділ әрі заңды жаза тағайындайды. Дегенмен, соттардың назарын қоғамдық жұмысқа тарту сынды жаза түрін жиі қолдануға назар аудартқымыз келеді», - деді ол.

Осы ретте Абай Рахметулин облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларына жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жазаланушыны тарту үшін аула тазалау, коммуналдық жұмыстар  сынды бағыттарды анықтауға кеңес берді.

«Мұның қосарланған пайдасы болар еді. Бір жақтан сотталушы қоғамнан ажырап қалмайды және соған орай оларды ортаға бейімдеу жеңілдейді. Бұған қоса, қоғамдық пайдалы жұмысқа тартудың тәрбиелік те мәні бар екендігін ескерген жөн», - деді ол.

Оның дерегінше, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығы ішінде дәл осындай жазаға 2 мың 421 адам тартылған.

 

inform.kz | Соттарға құрметпен қарауды қалыптастырудың құқықтық тетіктерін зерделеу қажет - Қ.Мәми, 21.07.2017,

Соттарға құрметпен қарауды қалыптастырудың құқықтық тетіктерін зерделеу қажет. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысында ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні Қазақстанда сот төрелігі барынша қолжетімді. Электронды сот өндірісі де кеңінен енгізілуде. Соттармен талаптардың 95 пайызға жуығы қанағаттандырылады. Бұған қоса, бірінші сатыдағы сот шешіміне небәрі 8 пайызы ғана шағымданады. Сот процесіне қатысатын қалған 92 пайызын соттардың шешімі қанағаттандырады. Міне, сондықтан да соңғы жылдардағы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері сот процесіне қатысушылардың сот шешіміне қанағатануының жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Дегенмен қоғамның сыни көзқараспен қарайтын тобы да болады», - деді Қайрат Мәми.

Осы ретте Жоғары сот төрағасы соттарға қатысты негативизм себептері олардың, сонымен қатар сыртқы ортаның қателіктері болып отырғандығын атап өтті.

«Соттарға қатысты, яғни ішкі факторларға қатысты айтарым, тәртіптік тәжірибені қатаңдату және судьялар өздерінің кәсіби деңгейлерін үнемі көтеріп отыруы қажет деп санаймын. Шынайы түрде, күн сайын судья беделі үшін күрес керек. Ал сыртқы факторларға қатысты сот жүйесі қызметін талқылаудың халықаралық тәжірибе және соттарға құрметпен қарауды қалыптастырудың өзге де құқықтық тетіктері бар. Департаментке бұл тәжірибені зерделеп, ұсыныс енгізуді тапсырамын», - деді ол.

 

«Еgemen.kz», Сот санкциясы электронды түрде беріледі, 21.07.2017 ж.
 

Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шілде айының 17-сінен бастап республиканың барлық бірінші сатыдағы соттарында электронды сот бұйрығын енгіздік. Яғни, сотқа жүгіну қағаз түрінде емес электронды түрде болады. Мәселен, коммуналдық мекеме белгіленген тәртіппен электронды түрде сотқа жүгінеді. Өтініш электронды түрде түскеннен кейін кеңседе тиісінше тіркеуден өтіп, судьяның компьютеріне келеді. Судья қарап, бұйрық шығаратын негіз болса, оны электронды түрде шығарып қайтадан кеңсеге жөнелтеді. Ал кеңседен арызданушыға электронды түрде жіберіледі. Бұл жерде ешқандай қағаз айналымы болмайды», - деді ол. Оның айтуынша, ендігі уақытта Жоғарғы сот электронды санкция беру мәселесін қолға алған. «Тиісті материалдар прокуратурадан сотқа электронды түрде түседі. Онымен танысқаннан кейін егер санкция берілетін болып шешім қабылданса, санкция өтініш берген органға электронды түрде жіберіледі. Қазіргі уақытта мұны да ілкі жоба ретінде енгіздік. Алдағы үлкен мақсатымыз электронды сот мәжіліс залы болып отыр. Қазіргі уақытта оның жоспарын құрып, техникалық жағынан қамтамасыз етіп жатырмыз, ал бағдарлама жағынан қамтамасыз етіп қойдық. Ол «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», - деді Н.Шәріпов. Департамент басшысының айтуынша, аталған жоба аясында судьяның, сотқа қатысушы адвокат пен прокурордың алдында бір жүйеге тіркелген компьютор болады. Қаралатын іске қатысты барлық тергеу материалдары монитордан шығып тұрады. «Бұл жобамен қазір біз тыңғылықты айналысудамыз. Жылдың соңына дейін қосамыз деген жоспарымыз бар», - деді ол.

 

 

«Aikyn.kz», Сотқа деген сенім артты, Е.Сенбай, 22.07.2017 ж.

Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми 2017 жылдың бірінші жартысындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген кеңесін өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы сот кеңе­сінің төрағасы Анатолий Смолин, Президент Әкімшілігі мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, сондай-ақ Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыстық және оған теңестіріл­ген соттардың төрағалары, сон­дай-ақ департамент пен оның аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.
Кеңес жұмысын ашқан Қ.Мәми заң үстемдігін қам­тамасыз ету жұмысының негізгі қорытындыларын жариялады. Атап айтқанда, ол Ұлт жоспары шеңберінде жүргізілген рефор­малардың сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігіне оң ықпал еткенін атап өтті. Мәселен, жар­тыжылдықта соттарда азаматтық істерді қарау мерзімі екі есеге қысқарыпты. Істердің 62,5 пайызы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралуда. Сот бұйрығы, дауларды ше­шудің баламалы тәсілдері және медиация тәртібінде қа­ралған істер саны едәуір артты. Келісімдік тәртіптегі қылмыстық істер саны 43 пайызға, қысқар­тылған негіздегі істер саны 3,5 есеге ұлғайды.
Жаңа ереже бойынша 191 судья іріктелді. 140 судьяның кәсіби қызметі бағаланды. Жал­пы алғанда, судьялар корпусы өздерінің кәсіби біліктіліктерін растады.
Осыдан кейін кеңесте Жоғар­ғы соттың алқа төрағалары мен күн тәртібіне сәйкес басқа да жауапты тұлғалар сөз сөйледі. Е.Әбдіқадыров меншік құқығын қорғау, соның ішінде, мыңдаған азаматтың мүддесін қозғайтын банктік және тұрғын үй заңна­масына өзгерістер енгізу бағы­тындағы соттардың жұмысы туралы айтты. А.Рахметулин өз баяндамасында бүгінде сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту бойынша қылмыстық-процестік заң талаптарының бұ­зылуына байланысты сот­тар­дың ақтау практикасын күшейту қажеттігін атап өтті. А.Қыдырбаева Жоғарғы сотқа та­раптардың бірі шетелдік инвес­тор 30 іс апелляция тәр­тібінде түскендігін мәлімдеді. Өтініштердің басым бөлігі құзырлы мемлекеттік ор­ган­­дардың салық, экология, энер­­­ге­тика және басқа да са­ла­­­­­лар бойынша шешімдері мен әрекеттерін даулаумен бай­ланысты.
Департамент басшысы Н.Шәріпов соттардың ма­териал­дық-техникалық жарақ­тандырылуы мен электронды сот төрелігі туралы құлағдар етті. Биыл Қарағанды облыстық соты мен үш аудандық сот ғи­маратының құрылысы басталды. Жаңа технологияларды қол­данудың үлесі айтарлықтай артуда. Мәселен, барлық ке­ліп түскен өтініштер қатарын­дағы электронды түрде беріл­гендерінің үлес салмағы 89,8 пайызды құрайды.
Бұған қоса, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы А.Смолин, Сот жюриінің төрағасы Моряк Шегенов, Сот төрелігі академиясының ректоры Төлеш Қаудыров, бірқатар облыстық соттардың төрағалары сөз сөйледі.
Қайрат Мәми жаңартылған заңнама жағдайындағы сот жүйесі қызметінің кейбір мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, ол су­дья­лыққа кандидаттардың жас шектелімінің 30 жасқа дейін артқаны, судьялық лауа­зымдарға жарияланған конкурс қатысушыларының жалпы отырыс қорытындысын алуы мен Сот жюриі шешімінің өзгеру тәртібін еске салды.
Жоғарғы сот төрағасы қыл­мыстық процесті кезең-кезеңімен жаңғырту және сотта өкілдік ету институтын кешенді жетілдірудің келешек бағыттарын айқындап берді. Тұрғындардың соттарға сенім деңгейінің артқаны атап өтілді. Мәселен, Демократия институтының деректеріне сәйкес, соңғы 6 жылда Жоғарғы сотқа сенім деңгейі 2010 жылғы 67,6%-дан 2016 жылы 75,4%-ға дейін жоғарылапты.
Қ.Мәми алдағы бірқатар басым міндеттерді айқындады. Солардың қатарында сот әкімшілігін реформалау, судьялық кадрларды дұрыс іріктеу және біліктілігін арттыру, судьялардың жүктемесін азайту, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу, сондай-ақ тұрғындардың соттарға деген сенімін арттыру бойынша жүйелі жұмысты атап өтуге болады.

 

 

«Egemen.kz», Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі, А.Тасболат, «Егемен Қазақстан», 21.07.2017 ж.

Қазақстанда сот санкциясы электронды түрде беріледі. Бұл туралы бүгін 2017 жылдың 1 жартыжылдығында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған республика судьяларының кеңейтілген отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР Жоғарғы соты департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов айтты.

«Шілде айының 17-сінен бастап республиканың барлық бірінші сатыдағы соттарында электронды сот бұйрығын енгіздік. Яғни, сотқа жүгіну қағаз түрінде емес электронды түрде болады. Мәселен, коммуналдық мекеме белгіленген тәртіппен электронды түрде сотқа жүгінеді.  Өтініш электронды түрде түскеннен кейін кеңседе тиісінше тіркеуден өтіп, судьяның компьютеріне келеді. Судья қарап, бұйрық шығаратын негіз болса, оны электронды түрде шығарып қайтадан кеңсеге жөнелтеді. Ал кеңседен арызданушыға электронды түрде жіберіледі. Бұл жерде ешқандай қағаз айналымы болмайды», – деді ол. Оның айтуынша, ендігі уақытта Жоғарғы сот электронды санкция беру мәселесін қолға алған. «Тиісті материалдар прокуратурадан сотқа электронды түрде түседі. Онымен танысқаннан кейін егер санкция берілетін болып шешім қабылданса, санкция өтініш берген органға электронды түрде жіберіледі.  Қазіргі уақытта мұны да ілкі жоба ретінде енгіздік. Алдағы үлкен мақсатымыз электронды сот мәжіліс залы болып отыр. Қазіргі уақытта оның жоспарын құрып,  техникалық жағынан қамтамасыз етіп жатырмыз, ал бағдарлама жағынан қамтамасыз етіп қойдық. Ол «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», – деді Н.Шәріпов. Департамент басшысының айтуынша, аталған жоба аясында судьяның, сотқа қатысушы адвокат пен прокурордың алдында бір жүйеге тіркелген компьютор болады. Қаралатын іске қатысты барлық тергеу материалдары монитордан шығып тұрады. «Бұл жобамен қазір біз тыңғылықты айналысудамыз. Жылдың соңына дейін қосамыз деген жоспарымыз бар», – деді ол.

Сот жүйесі келелі міндеттер межеледі Астанада Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен республика судьяларының кеңейтілген отырысы өтті. Онда сот жүйесінің биылғы жылдың жартыжылдығындағы сот төрелігін атқару нәтижесі айтылып және алда тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар белгіленді. 24.07.2017 12 Facebook Twitter Google+ Pinterest Vkontakte Telegram Негізгі мәселе ретінде Елбасының халыққа арнаған Жолдауы мен Ұлт жоспарын жүзеге асыру ісіндегі сот органдарының қызметіне айрықша назар аударылды. Осыған орай аталған алқа отырысына Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі Әлия Рақышева, Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары қатысты.  Елбасы Қазақстан судья­лары­ның VII съезінде сот жүйе­сін жетілдіру ісі бойынша алда ауқымды жұмыс күтіп тұр­ғанын айтып, сот төрелігін да­мы­тудың негізгі бағыттарын бел­гілеген болатын. Онда Пре­зидент соттарға заң үстем­дігін қамтамасыз ету, судья­лардың жауаптылығын күшей­ту, лайықты судьялар корпусын қалыптастыру, сот істерін қарау тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыру және құқықтық ағартушылық міндеттерін жүктеді. Өйткені, қашанда заң үстемдігін қамтамасыз етуде соттар басты рөл атқаратыны белгілі. Судьялардың жауап­тылығы артқан сайын олардың тәуелсіздігі де күшейе түседі. Сол сияқты, азаматтардың құ­қықтық сауаттылығының ар­қасында сот дауларының санын айтарлықтай азайтуға болады. Міне, бұл бағытта бүгінгі күнде көптеген жұмыстар атқарылды. «100 нақты қадам» Ұлт жос­парын жүзеге асыру аясында сот жүйесін жаңғырту ісі қарқынды жүргізіліп келеді.  Осы жайлар қамтылған аталған отырысты ашқан Жо­ғар­ғы Сот Төрағасы Қ.Мәми заң үс­тем­дігін қамтамасыз ету жұмы­сының негізгі қорытын­дыларын мәлімдеді. Атап айт­қанда, ол Ұлт жоспары шең­берінде жүргізілген рефор­малардың сот төрелігін жүзеге асы­рудың тиімділігіне оң ықпал еткенін атап өтті. Есепті кезеңде соттарда азаматтық істерді қарау мерзімі екі есеге қысқарған. Істердің 62,5 пайызы жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралуда екен. Сот бұйрығы, дауларды шешудің баламалы тәсілдері және медиация тәртібінде қаралған істер саны едәуір артқан. Келісімдік тәртіптегі қылмыстық істер саны 43 пайызға, қысқартылған негіздегі істер саны 3,5 есеге артыпты. Сондай-ақ, жаңа ереже бойынша 191 судья іріктеліп, 140 судьяның кәсіби қызметі бағаланған. Жалпы алғанда, судьялар корпусы өздерінің кәсіби біліктіліктерін көрсеткен.  Бұдан кейін сөз алған Жо­ғар­ғы Соттың Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров меншік құқығын қорғау, соның ішінде, мыңдаған азаматтың мүддесін қозғайтын банк және тұрғын үй заңнамасына өзгерістер енгізу бағытындағы сот­тардың жұмысы туралы айтты. Ал Қылмыстық істер жөнін­дегі сот алқасының төр­ағасы Абай Рахметулин өз баян­дамасында бүгінде сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының дәлелдемелерді жинақтау мен бекіту бойынша қылмыстық-процестік заң талаптарының бұзылуына байланысты соттар­дың ақтау практикасын күшейту қажеттігін атап өтті. Жоғарғы Соттың Мамандандырылған сот алқасының төрайымы Айгүл Қыдырбаева Жоғарғы Сотқа тараптардың бірі шетелдік инвестор болып табылатын 30 іс апелляция тәртібінде түс­кендігін мәлімдеді. Бұл өті­ніштердің басым бөлігі құ­зыр­лы мемлекеттік органдардың салық, экология, энергетика жә­не т.б. салалар бойынша ше­шімдері мен әрекеттерін даулау­мен байланысты.  Өз кезегінде мінберге көте­ріл­ген Жоғарғы Сот Департа­ментінің басшысы Н.Шәріпов соттардың материалдық-тех­никалық жарақтандырылуы мен электронды сот төрелігі туралы баяндады. Оның айтуынша, биылғы жылы Қара­ғанды облыстық соты мен үш аудандық сот ғимаратының құрылысы басталған. Жаңа технологияларды қолданудың үлесі айтарлықтай артуда. Мәселен, барлық түскен өтініштер қатарындағы электронды түрде берілгендерінің үлес салмағы 89,8 пайызды құрайды. Бұған қоса, Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин, Сот жюриінің төрағасы М.Шегенов, Сот төрелігі академиясының ректоры Т.Қаудыров және бірқатар облыстық соттардың төрағалары сөз сөйледі.  Кеңес жұмысын қоры­тын­дылай келе, Жоғарғы Сот Төр­ағасы Қайрат Мәми жаңар­тылған заңнама жағдайын­дағы сот жүйесі қызметінің кей­бір мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, ол судья­лыққа кандидаттардың жас шек­телімінің 30 жасқа дейін арт­қаны, судьялық лауазымдарға жария­ланған конкурсқа қатысу­шылардың жалпы отырыс қо­рытындысын алуы мен Сот жюриі шешімінің өзгеру тәртібін еске салды. Жоғарғы Сот Төр­ағасы қылмыстық процесті кезең-кезеңімен жаңғырту мен сотта өкілдік ету институтын кешенді жетілдірудің келелі бағыттарын айқындап берді. ұрғындардың соттарға сенім деңгейінің артқаны атап өтілді. Мәселен, Демократия институтының деректеріне сәйкес, соңғы 6 жылда Жоғарғы Сотқа деген сенім деңгейі 67,6 пайыздан (2010 жыл) 75,4 пайызға дейін (2016 жыл) өскен. Осыған орай Қайрат Мә­ми алдағы бірқатар басым міндеттерді атап өтті. Со­лар­дың қатарында, мәселен, сот әкімшілігін реформалау, судья­лық кадрларды дұрыс іріктеу және біліктілігін арттыру, судьялардың жүктемесін азайту, сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен енгізу, сондай-ақ, тұрғындардың соттарға деген сенімін арттыру бойынша жүйелі жұмысты айтуға болады. Жоғарғы Сот Төрағасы бірыңғай сот практикасын қалыптастырудың маңыздылығын айта келе, алғашқы жартыжылдықта Жо­ғар­ғы Соттың 6 нормативтік қаулысы қабылданғанын және бұл бағыттың одан әрі күшейе түсе­тіндігін жеткізді. Жекелей алған­да, ол соттардың ғана емес, өзге де мемлекеттік орган­дар­дың бірқатар негізгі мәселелерін шешуді көздейтін «Болашақтың соты» атты жаңа жобаны іске асы­ру қажеттігін сөз етті. Қ.Мә­ми банктік несие, қарыз беру, кеңсежайды жалға алу, ком­му­­налдық қызметтер­мен байла­ныс­ты істер бойынша бұй­рық­тық іс жүргізу институтын кеңінен қолдануды тапсырды.  Еліміздегі Жоғары Сот Ке­ңе­сі төрағасының өкіміне сәй­кес Алматы мен Астана сот­тарында нотариалдық жазба инс­титутын қолдану аясын кеңей­­тудің қанатқақты жобасы іске асырылатын болады. Ахуал­­дық орталықты құру жұмы­­сы да аяқталуға жақын. Ол сот­тар жұмысына мониторинг жүр­гі­зудің талдамалық мүмкін­дік­терін неғұрлым арттырады деп күтілуде.  Кеңес жұмысының соңында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» конкурсының жеңім­паздарын марапаттау рәсімі өтті. Жамбыл облысы Тараз қа­ласы №2 аудандық соты 1-орынды, Астана қаласы­ның мамандандырылған аудан­аралық әкімшілік соты 2-орынды, Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ау­данаралық экономикалық соты мен Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық соты үші­нші орынды иеленді. Ал судьялардың осы жолғы жиынының ең басты ерекшелігі – кеңес жұмысының интернетте онлайн режімде көрсетілуі болды.