Жаңалықтар

Қ.БИШІМБАЕВҚА ҚАТЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША АЛҚАБИЛЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН КЕЗЕКТІ СОТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

29/03/2024

Бүгін Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилердің қатысуымен кезекті сот отырысы өтті.

Процесс Жоғарғы Соттың YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. 

Түске дейінгі отырыста сот зардап шеккен тараптың айғақтарын тыңдады.

Түстен кейін процесс куәлерден іс бойынша жауап алумен жалғасты.

Барлығы 4 куәдан жауап алынды.  Келесі сот отырысы ағымдағы жылдың 1 сәуірінде сағат 10:00-ға белгіленді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

29/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 29 наурызда сағат 14:30-да өтеді.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар:
https://www.youtube.com/live/X2VNpIJc0y4?si=3cZI25LFWm_dZZbx

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

29/03/2024

Санаулы сәттен соң сот отырысы ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ басталады.

 Сіздердің назарларыңызға сот залынан фото-видеоматериалдар ұсынамыз.

 Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

29/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН 2024 жылы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді.

 Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар:
https://www.youtube.com/live/BJHUhucMlj4?si=6g-ogN0uDO8O2wWK

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

28/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы ертең, 2024 жылы 29 наурызда сағат 10.00-де өтеді.

Сот отырысы тікелей эфирде өтеді.

Жоғарғы Соттың Telegram-арнасына https://t.me/Jogargy_sot жазылыңыздар және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттардағы хабарламаларды қарап отырыңыздар.

Әскери қызметші Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қайта қаралды

28/03/2024

ҚР Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қару қолдану арқылы билікті асыра пайдалану бойынша (ҚК 451-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен) айыпталған әскери қызметші Ж.-ға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қайта қарады.
 
Бұған дейін бірінші сатыдағы сот әскери қызметшінің іс-әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты оны ақтаған.

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті

27/03/2024

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша алқабилер алқасының қатысуымен алғашқы отырыс өтті.

Процесс ашық режимде өтті. 

БАҚ өкілдері үшін сот отырысының онлайн-трансляциясы бар жеке зал ұйымдастырылды. Сондай-ақ іс-шара Жоғарғы Соттың YouTube арнасында барлығына көрсетілді. Бұл туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде алдын ала хабарланды.

Отырыста мемлекеттік айыптау тарапы іс бойынша айыптау актісін оқыды.

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ

27/03/2024

Бүгін елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

 Алқабилер алқасына 12 адам таңдалды: 10 – негізгі құрам, 2 – қосалқы.

 Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылдың 27 наурызында сағат 16:00-ге белгіленді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

26/03/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғамның жоғары қызығушылығын ескере отырып, осы іс бойынша ашық сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Ашық режимдегі сот отырыстары алқабилерді іріктеуден кейін өтеді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

26/03/2024

Ағымдағы жылдың 27 наурызында Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабиге кандидаттарды іріктеу үшін жабық сот отырысы өтеді.

Отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі, 2 қосалқы) алқабилер алқасы қалыптастырылады.

Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында өтеді.

Беттер