Ақтөбе қаласының үш сотында Электронды үкімет орталығы мен «Сот кабинеті» сервисінің «бұрышы» қызмет атқаруда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының 3 сотында – кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, Ақтөбе қалалық сотында және Ақтөбе қаласының № 2 сотында азаматтарға электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) беру пилоттық жобасы шеңберінде Электронды үкімет орталығы мен «Сот кабинеті» сервисі «бұрышы» қызмет атқаруда.

Енді азаматтар осы сот ғимаратында ЭЦҚ-ны, сондай-ақ, автоматтандырылған электронды анықтамаларды алу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен олардың өкілдері ЭЦҚ-ны алған соң  сол соттарда «Сот кабинетіне» тіркеліп, электронды құжаттарды жолдай алады.

Өткен екі аптада осы «бұрыш» арқылы 100-ден астам азаматтарға ЭЦҚ берілді, сәйкесінше сонша  талап қою арыздары «Сот кабинеті» сервисі арқылы жолданды.

 «Бұрыштардың» қызметтерін пайдаланған халық олардың жұмыстары туралы жағымды пікірлер білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі