Ақтөбе облыстық сотында мұраға қалған пәтердің үлесін бөлу туралы дау партисипативтік тәртіппен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағайынды бес туыс өздеріне мұраға қалған пәтердің талапкерлерге тиесілі 1/5 және 2/5 мөлшеріндегі және жауапкерлердің 1/5 мөлшеріндегі үлесін бөліп беру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Бұл пәтерде ешкім тұрмауына және әр талапкердің өз баспаналары болуына байланысты пәтерді пайдалану тәртібін анықтау қажеттілігі туындаған жоқ. Пәтер екі іргелес бөлмеден тұратындықтан, үлесті бөлу мүмкіндігі болмауына орай, Ақтөбе қалалық сотының шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Істі апелляциялық сатыда қарау барысында екі тараптың бір-біріне жақын туыс болуына және олардың мүдделерін сотта қорғаушылар қорғауына орай, төрағалық етуші тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешуді ұсынды. Кейіннен тараптар дауды партисипативтік тәсіл арқылы реттеуге өтініш білдіріп, талапкерлер жауапкерлердің үлесін екі тарап ұсынған пәтерді бағалау актісіне сәйкес орынды өтемақы төлемдерін төлеп, сатып алуға келісті.

Ақтөбе облыстық сотының сот алқасы көрсетілген жағдайлардың заңға қайшы келмеуіне және басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауына байланысты дауды партисипативтік тәсіл арқылы шешу туралы келісімді бекітті. Талапкерлерге 36 714 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы қайтарылып, іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі