Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық сотының жаңа ғимараты салтанатты түрде ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай, сонымен қатар, құқық қорғау органдарының, «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, сот жүйесінің ардагерлері, судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты. 

 Облыс әкімі Б.Сапарбаев өз сөзінде Елбасының Ұлт Жоспарында жүктеген міндеттерінің жүзеге асырылу барысы туралы айта келе, жаңа сот әділдігі сарайының ашылуы облыстың жарқын іс-шарасы екендігін атап өтті.

Облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай сот төрелігі жүйесін дамытуда Елбасының айрықша рөлін айта келе, қатысушыларды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы атынан жаңа соттың ашылуымен құттықтады. Ол жаңа ғимараттың салынуына көмектескені үшін облыс әкіміне алғысын білдірді. «900 шаршы метр жаңа ғимараттың құрылысы қазіргі заманғы сот төрелігін жүзеге асыру стандарттарына сәйкес келеді. Мұнда сот қызметкерлерінің кәсіби түрде тиімді жұмыс істеуі және ең бастысы құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін аудан тұрғындары үшін жақсы жағдай жасалған» - деді ол.

Іс-шара сот ғимаратының ашылу рәсімінің лентасын қию салтанатты рәсімімен жалғасты. Іс-шараның қатысушылары жаңа ғимаратты аралап, сот жұмысымен танысты.

Жаңа ғимаратта судьялар мен мамандардың жұмыс жасауына барлық жағдай жасалған: күту залы, мәжіліс залы, бейнебайланыспен кешенді жарақтандырылған 2 мәжіліс залы, медиация және психологиялық жеңілдету,прокурорлар мен адвокаттар кабинеттері, мұрағат орналасқан. Сот ғимараты Интернет желісімен қамтамасыз етілген.  

Сотқа шағымданатын азаматтар үшін де барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, сотқа жүгінетін адамдар күзет бекетінен өтпей-ақ қажетті ақпаратты дереу ала алады немесе тікелей сот кеңсесіне өтініш береді, бұл сот ғимаратындағы адамдардың қозғалысын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, азаматтардың он-лайн режимде сотқа түскен құжаттарды іздеуге, іс бойынша барлық іс жүргізу әрекеттері туралы ақпаратты алуға, құжаттарды сканерлеуге және басып шығаруға мүмкіндіктері бар.

Ғимараттың кіре берісінде электронды түрде қарауға болатын сот қызметі туралы қажетті электронды ақпараттар мен азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған.  Тақтайшаларда судья әдебінің кодексі, «Медиация туралы» заң, сондай-ақ сотқа өтініш беру үшін қажетті құжаттардың үлгілері бар.

Ғимарат тіршілікті қамтамасыз ету және үздіксіз қызмет етуі үшін бірыңғай бақылауға қол жеткізу, үздіксіз және кепілді кешенді электрмен жабдықтау жүйесіне біріктірілген. Автоматтандырылған инженерлік жүйелер соттың пайдалану шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Апатты жағдайлар туындаған жағдайда сот қызметкерлерінің және келушілердің қауіпсіздігін, сондай-ақ сот құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,  автокөлік тұрақтары, жүргіншілер жолы, орындық арбамен қозғалатын мүгедектердің ғимаратқа кіруіне қолжетімділігін қамтамасыз ететін пандустар орнатылған.

Салтанатты іс-шараның соңында қатысушылар ғимараттың алдында жаңа көшеттерді отырғызды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі