Әйел-судьялар: кәсіби тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық
Жоғарғы Сот пен ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесі «Әйел-судьялар: кәсіби тәжірибе алмасу және халықаралық ынтымақтастық» атты семинар өткізді.
Форум басталар алдында Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Әзімова және ЕҚЫҰ Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фробарт Фолькер құттықтау сөз сөйледі.
Іс-шараға Жоғарғы Соттың судьялары Елена Максюта, Назгүл Рахметуллина, Шолпан Иманиязова, Қырғызстан Конституциялық сотының судьясы Чинара Айдарбекова, қоғаммен байланыс жөніндегі судья-үйлестірушілер және олардың шетелдік әріптестері қатысты.