Жаңалықтар

ҚР ЖС қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Ә.Қуанышқа қатысты үкімді өзгертті.

25/04/2024

Сот үкімімен Қуаныш ҚК-нің 345-1-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі адамның өліміне әкеп соққан көлікті мас күйінде басқарған адамның жол қозғалысы ережелерін бұзуы) бойынша кінәлі деп танылған. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жазаны жеңілдететін және ҚК-нің бабында көрсетілгендей,
ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде жазаның мерзімі санкцияда көзделген ең жоғары мерзімнің жартысынан аспауы керек.

Әскери соттың жаңа төрағасы Ғалымжан Нәсірдінов ұжымға таныстырылды

25/04/2024

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов ҚР Әскери сотының судьялар корпусына жаңа төраға Ғалымжан Нәсірдіновті таныстырды.

 Іс-шараға судьялар, Бас прокуратура, Шекара қызметі, Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұлан, Сот әкімшілігі департаментінің өкілдері қатысты.

Шымкент қалалық сотының төрағасы – Әділхан Шайхисламов

25/04/2024

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев Шымкент қалалық сотының судьяларына жаңадан тағайындалған төраға Әділхан Шайхисламовты таныстырды.

Кездесуге Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қаланың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары, судьялар мен адвокаттар қатысты.

Өз сөзінде А.Түкиев Әділхан Шайхисламұлының 20 жыл судьялық тәжірибесі барын, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесін, жоғары біліктілігін, ерекше адалдығы мен қажырлы еңбегін атап өтті.

ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ республика соттарының сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастыруда

24/04/2024

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында (ҚМАС) бұзақылық жасап, көлікті қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету ережелерін бұзып, абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырғаны үшін айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтеді (ҚР ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі).

Әкімшілік әділеттің тиімділігі мен дамуы туралы

24/04/2024

Мәжiлiсте әкiмшiлiк әділет аясын кеңейтуге арналған заң жобалары қаралып жатқаны белгiлi.
Азаматтар мен кәсiпкерлердiң құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiк органдардың заңсыз әрекеттерiнен қорғауда әкiмшiлiк әділеттiң тиiмдiлiгi қазiргi уақытта соттардың мемлекеттiк органдардың әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасау бойынша азаматтардың талаптарының 63%-ға дейiн қанағаттандырылуымен дәлелденедi.

Талғат Ибрашев - Алматы облыстық сотының төрағасы

24/04/2024

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Алматы облыстық сотының судьялар корпусына оның төрағасы Талғат Ибрашевты таныстырды.
Кездесуге Алматы облысының әкімі М.Сұлтанғазиев, облыстың құқық қорғау және мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Е.Рахымбеков - Маңғыстау облыстық сотының жаңа төрағасы

24/04/2024

Асламбек Мерғалиев Маңғыстау облыстық сотының ұжымына жаңадан тағайындалған төраға Ербол Рахымбековты таныстырды.

Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, облыстың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, судьялар мен сот қызметкерлері қатысты.

Жоғарғы Сот Төрағасы Ербол Мұқажанұлын жоғары білікті судья, жауапты, әділ, адал адам ретінде сипаттай келе, оның өңірде сапалы сот төрелігін қамтамасыз ету үшін бар білімі мен тәжірибесін жұмсайтынына сенім білдірді.

Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы: 15-процесс

23/04/2024

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

Сот заттай дәлелдеме – сотталушы Қ.Бишімбаевтың ұялы телефонын зерттеуді жалғастырды.

Тараптар смартфондағы жеке хат-хабарлар мен фотогалереяны зерттеді. Сондай-ақ, іс бойынша бір куәден жауап алынды.

Сот отырысы а.ж. 24 сәуіріне, сағат 10.00-ге шегерілді.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея соттарының өкілдері электронды сот ісін жүргізуді дамыту тәжірибесімен бөлісті

23/04/2024

Сот әкімшілігі басшысының орынбасары Жантемір Шакиев Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Оңтүстік Кореяда азаматтық істер бойынша электронды сот ісін жүргізу және онлайн сот процесін ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында өткен кездесуге қатысты.

Ташкентте «Тәуекелділігі жоғары сот процесі” тақырыбында семинар өтті

23/04/2024

Жоғарғы Соттың судьясы Нұржан Жолдасбеков, Сот әкімшілігі хатшылығының сектор меңгерушісі Лаура Тұрышева және Бас прокуратураның басқарма бастығы Омар Сауытбаев Еуропалық Одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы құқық қорғауды қамтамасыз ету (LEICA) жобасы аясында ұйымдастырылған «Тәуекелділігі жоғары сот процесі”атты үш күндік аймақтық семинарға қатысты.

Беттер