Жаңалықтар

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

18/04/2024

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот тергеуі барысында сот қылмыстық істің материалдарын, оның ішінде сотталушы Б.Байжановтың ұялы телефонын зерттеді.
Сондай-ақ, іс бойынша бір куәден жауап алынды.
Сот отырысы а.ж. 22 сәуіріне, сағат 10:00-ге шегерілді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

18/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 18 сәуірде сағат 9.30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/DpshdqlRVcY?feature=share

 Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.

17/04/2024

Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті.
Сот алдыңғы отырыста қорғаушы және айыптаушы тараптар мәлімдеген өтінішхаттар бойынша өз шешімін жариялады.
Сот зерттеу жүргізу кезінде қылмыстық-процестік заңнаманың бұзылуына байланысты мамандардың қорытындылары мен оған қоса берілген құжаттарды қылмыстық іс материалдарына қосу туралы қорғаушы тараптың өтінішхаттарын қабылдамады.

Шымкент соты қыз алып қашу бойынша үкім шығарды

17/04/2024

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Г.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Тағылған айып:
Г. ҚР Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 125-бабы 1-бөлігімен (адамды ұрлау) айыпталған.
Сотта анықталғаны:
Сотталушы Г. “Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы жәбірленуші А. мен танысқан. Осыдан кейін, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласынан келіп, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінде жәбірленуші А-ға үйлену мақсатында оны алып қашып, жәбірленушімен бірге Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласына қарай кеткен.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

17/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 17 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/GvfRW_IHHp8?feature=share

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы А.Ахановқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.

17/04/2024

Сот үкімімен Аханов ҚК-нің 96-баптың 2-бөлігі “а, ф, к, н” тармақтары, 24-баптың 3 бөлігі, 96-баптың 2 бөлігі «a, ж, к, н»тармақтары бойынша кінәлі деп танылған (бірнеше рет адамдар тобында алдын ала сөз байласу бойынша екі немесе одан да көп адамды өлтіру және тағы бір қылмысты жасыру мақсатында екі адамды өлтіруге оқталу). Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалған.
Алқа істі зерделеп, мынадай қорытындыға келді.

Жоғарғы Сот әкімшілік соттардың 2024 жылдың 1-тоқсанындағы жұмысын қорытындылады

17/04/2024

         Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев облыстық және оған теңестірілген соттар, алқалар және әкімшілік соттар төрағаларының қатысуымен 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы әкімшілік іс жүргізу жұмысының қорытындысы бойынша бейнеконференцбайланыс арқылы кеңес өткізді.

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

17/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 17 сәуірде сағат 10:00-де өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/vrlytqWjVKg?feature=share

 Бүгін Қ.Бишімбаев пен Б.Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті

16/04/2024

Сот отырысында бұған дейін қорғаушы тараптың өтінішхаты бойынша қылмыстық іс материалдарына қосылған мәскеулік мамандардың қорытындысы зерттелді.
Сот айыптаушы тараптың бұл қорытындыны дәлелдеме ретінде жол берілмейтінін тану туралы өтінішхаты бойынша мәселені шешу үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Сот отырысы а.ж. 17 сәуіріне, сағат 10:00-ге шегерілді. 

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

16/04/2024

Қ.Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысы БҮГІН, 2024 жылы 16 сәуірде сағат 14:30-да өтеді.
Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көре аласыздар: https://youtube.com/live/IMQuDzyPMvE?feature=share

Беттер