Алматы облыстық соты интернет-ресурстарда жарияланған бейнеөнімді заңсыз деп танып, ел аумағында таратуды тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Прокуратура органдары жүргізген мониторинг барысында танымал «YouTube» бейнехостингі форумында есірткі өнімдерін пайдалану, дайындау және қолдану тәсілдерін насихаттаған түрлі атаудағы 13 бейнеролик анықталды.

Сот аталған интернет-ресурстарда есірткі құралдарын пайдалану, өсіру, дайындау және қолдану тәсілдері туралы ақпарат еркін таратылып, соның салдарынан есірткі пайдалану тәуелдігіне әкеліп соғатындығын анықтады.

Қаратал аудандық сотының шешімімен прокуратураның талап арызы қанағаттандырылды. Интернет-ресурстарда жарияланған бейнероликтер заңсыз деп танылып, олардың Қазақстан Республикасының аумағында таратылуы тоқтатылды.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі