Алматы облыстық сотында татуластыру рәсімдері бойынша сұрақтар талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында облыстық және аудандық соттардың судьялары, адвокаттар мен медиаторлардың қатысуымен «Татуластыру рәсімдері. Дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу және оның орындалуы» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді. Бір ерекшелігі, шалғай аудандардағы медиаторлар мен адвокаттар бейнебайланыс арқылы іс-шараға қатысты. Іс-шараның модераторы ретінде облыстық сотының судьясы, оқу бағдарламаларының үйлестірушісі С. Нұрқасымова болды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Алматы облысы соттарында 2017 жылдың жартыжылдығында медиацияны қолданумен барлығы 1 756 іс аяқталған, оның ішінде 453-і немесе (23,9%-ы) – қылмыстық, 1 081-і (4,5%-ы) – азаматтық, 222-і (2,75%-ы) – әкімшілік істер.

Облыстық адвокаттар алқасының өкілі Данипа Әділбекова атап өткендей, партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеудің басқалардан артықшылығы, адвокаттар іздеуге қолайлы нұсқасы ретінде де, келісімді реттеу туралы мәтіннің өзін жасау кезінде тікелей заңдылықтың сақталуы тұрғысынан де тараптарға білікті заң көмегін көрсететеді.

Егер медиация рәсімінде мәтін және оның мазмұны қолданыстағы заңнамамен сәйкес келмеуінен, келісім сотпен бекітілмеген болса, онда партисипативтік рәсімде адвокаттар өз сенім білдірушісі үшін барлық құқықтық салдарын ескеруге міндетті болады, бұл дегеніміз оның одан әрі орындалуын айтарлықтай жеңілдетеді, азаматтар үшін сот төрелігін қол жетімдірек етіп жасайды, азаматтар арасында сот даулары бойынша наразылықтарды төмендетеді.

Текелі қалалық сотының төрағасы Ернар Қасымбеков татуластыру рәсімдерді қолдану аясын кеңейту, азаматтардың сот шығындарын азайту, соттан тыс дауды (дау-шарды) реттеуде халықтың мүдделілігін анықтау басты міндеті болып табылатын Жоғарғы Соттың пилоттық жобасы туралы айтып берді. Сондай-ақ, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы М.Садуақасова «Татуластыру рәсімдері» атты баяндамамен шықты.

Кездесу соңында қатысушылар сотқа дейінгі дауларды реттеу институтын жан-жақты енгізу және дамыту, оның ішінде қоғамда шиеленіс деңгейін төмендетуге әсер ететін медиация институты бойынша пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі