Алматы облысында сот борышкердің қарыз болуына байланысты жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтатты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Алакөл ауданының № 2 аудандық сотына жеке сот орындаушысы борышкер М.-ға берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын уақытша шектеу туралы ұсыныс түсті.

Сот отырысы барысында  сот орындаушысының өндірісінде 09.06.2011 жылғы сот бұйрығы негізінде борышкерден өндіріп алушы А.-ның пайдасына жасы кәмелетке толмаған балаларын асырап бағуы үшін табысының барлық түрінен 1/3 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру туралы атқару өндірісі қозғалғаны және сот орындаушысының қаулысымен борышкердің өндіріп алушының алдында төленбеген 1 395 046 теңге мөлшерінде алимент берешегі бар екені анықталған. Сонымен қатар, борышкердің берешектен құтылу мақсатында қандай да бір әрекет жасамағаны белгілі болды.  

Сот аталған ұсынысты қанағаттандырып, алимент өндіру туралы атқару құжаты орындалғанға дейін борышкерге берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуы уақытша тоқтатылды.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі