Атырауда соттар әкімшісі мен мүгедектер қоғамы өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Атырау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Г.Жұмағалиева мен "Мүгедек әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрайымы К.Нұржігітова ұзақ уақытқы өзара ынтымақтастықты орнату туралы келісімге қол қойды.

Келісімге сәйкес, қол қойған тараптар бірлесіп мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі бойынша, олардың облыс соттарының орналасқан жерлеріне кедергісіз келулерін қамтамасыз етуге шаралар қолданып, көмек көрсетуге күш жұмылдырады.

Өз сөзінде Г.Жұмағалиева аталған меморандум ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар арасындағы қарым – қатынасты жақсартуға бағыталғанын айтты. Сондай-ақ ол Соттар әкімшісі мүгедектерге әрқашан  кез-келген қызмет түрін мекен-жәйы бойынша немесе арақашықтық режимі арқылы да көрсетуге дайын екеніндіктерін жеткізді.

Қоғамдық бірлестік төрайымы К.Нұржігітова өзінің өмірлік қажеттіліктерін өз еркімен қанағаттандыру мүмкіндігінен айырылған, күнделікті тіршілікте әрдәйым немесе уақытша бөгде адамдардың көмегін қажет ететін мүгедектер мемлекеттік секторларда көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге мұқтаж екенін еске салды.

«Осындай түрдегі келісімдер мен қабылданған шаралар, іс-әрекеттер арқасында меморандумда көзделген ортақ мақсаттарға қол жеткізетімізге сенімдімін» - деп ой түйді К.Нұржігітова.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі