Банкрот рәсіміне қатысушы тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мақсатында ЖШС басшысынан 900 миллионнан аса теңге өндіріліп алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық соты банкротты басқарушының жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысына соманы өндіріп алу және субсидиарлық жауаптылыққа тарту туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Экономикалық соты шешімімен ЖШС банкрот болып саналып, банкроттық рәсімдері қозғалғаны анықталды. Өзінің міндеттері бойынша ЖШС-нің берешегі 900 миллион теңгені құрайды. Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін ЖШС-нің мүлкі жоқ. ЖШС-нің төлемге қабілетсіздігі туралы жауапкерге мәлім болды, осыған сәйкес жауапкер басшы ретінде «Оңалту және банкроттық туралы» заңына сәйкес, алты ай мерзімінде ЖШС банкрот деп мойындау туралы сотқа жүгінуі тиіс болды.    

«Оңалту және банкроттық туралы» Заңының талаптарына сәйкес, аталған міндеттерді орындамағаны үшін, барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшін борышкердің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда, борышкердің лауазымды тұлғаларына қатысты субсидиарлық жауапкершілігі көзделген.

Сот шешімі бойынша банкротты басқарушының талабы толық қанағаттандырылды. ЖШС басшысынан кредиторлардың талабын қанағаттандыру және мүліктік массаға қосу үшін 915 232 638 теңге мөлшерінде сома өндіріліп алынды.  

Сонымен қатар, лауазымды тұлғадан 27 456 979 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріліп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі