Батыс Қазақстан облыстық соты мен прокуратурасы «Еңбек – пробациялық бақылаудың алғышарты» атты форум өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға облыс судьялары, әкімдік, прокуратура, пробация қызметінің, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің, жұмыспен қамту орталығының, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері, сондай-ақ барлық аудандық соттар өкілдері бейнебайланыс арқылы қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Бек Әметов форумның жұмысын аша келе, 2017 жылдың 17 қаңтарынан бастап «Пробация туралы» жаңа Заңның қолданысқа енгізілгенін хабарлады. Төрағаның айтуынша, оның қолдануы қылмыстық сот төрелігін әлеуметтендіру әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді. Заң қабылдануы құқық бұзушының әлеуметтік бейімделуіне, оған әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге, соның ішінде қайта қылмыс жасауының алдын алуға бағытталған әрекеттерге ұйымдар мен азаматтардың жан-жақты қатысуы үшін жағдайлар тудырады.

Бұған қоса, Б.Әметов а.ж. 28 тамыз күні облыстық сот, прокуратура, Қылмыстық-атқару жүйесі, ішкі істер департаменттері, Ассамблея хатшылығының әлеуметтік осал топтарға және қателік жасаған азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу шаралар кешенін қүшейтуге бағытталған бесжақты меморандумға қол қойылғанын атап өтті. Жыл сайын сотталғандарды ақылы жұмысмен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдары облыс кәсіпорындарындағы жұмыс орындарының квотасын бекітеді. Пробация қызметі аталған тұлғаларды еңбек биржасына жолдайды, ал олар өз кезегінде жұмысқа жолдама береді, алайда көбісі еңбеқақының төмендігіне байланысты ұсынылған жұмыстардан бас тартып жатады. Нәтижесінде сотталғандардың кейбірі бұрынғы өмір салтын жалғастырып, жаңа қылмыстық құқық бұзушықтар жасайды. Тек ағымдағы жылдың өзінде пробациялық бақылауда тұрған 45 сотталған жұмыссыз адам қайтадан қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Осыған байланысты, форумға қатысушылар сотталған адамдардың жұмысқа орналасуын ынталандыру  тетіктерінің тиімділігін арттыру мәселелерін қарастырып, нәтижесінде қатысушылар сот органдары, прокуратура, пробация қызметі іс-қимылдарының алгоритмдерін анықтап, нақты ұсыныстар әзірледі. Атап өтсек, соттарға үкімдер шығарған кезде сотталғандарды бас бостандығынан айырмай, үкім заңды күшіне енгеннен соң бір ай ішінде жұмысқа орналасуын міндеттеу ұсынылды. Ал  жұмыстан дәлелді себепсіз бас тартқан жағдайларда, пробациялық бақылаудын шарттарын бұзу деп бағалап, сотталғанды бас бостандығынан айыру орындарына жеберу үшін негіздеме болып табылады.

Қатысушылар атап өткендей, осындай пробациялық бақылау шаралары жұмысқа орналасу, отбасыларына материалдық көмек көрсету және жәбірленуші тарапқа келтірілген залалды өтеу үшін ынталандыру тетіктері болып табылады. Бұл жұмыссыздық салдарынан қайталап қылмыс жасауды болдырмауға көмегін тигізіп, осы санаттағы біздің отандастарымыздың масылдық көңіл-күй мәселесін шешуге ықпал ететіндігі айтылды.

Іс-шара барысында Ұлт жоспарының 33-қадамын іске асыру аясында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту стратегиясын іске асыру туралы бейнеролик көрсетілді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі