Батыс Қазақстан облыстық соты тараптардың шағымы бойынша азаматтық істерді қайта қарап, екі іс бойынша медиативтік келісім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер бойынша сот алқасы апелляциялық шағымдарды қарау нәтижелері бойынша медиация тәртібімен келісім бекітіп, екі іс бойынша өндірісті қысқартты.

Кәмелет жасқа толмаған бала үшін алимент өндіру туралы бірінші іс бойынша, бірінші саты сот шешімімен талапкердің пайдасына жауапкердің табысынан ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілген. Алайда өз шағымында талапкер сотқа арызбен жүгінген күннен бастап емес, 2017 жылдың сәуір айынан бастап сот бұйрығын шығару туралы бастапқы арызбен жүгінген күннен бастап алиментті өндіруі жолымен өзгертуін сұраған. Істі апелляциялық қарау барысында тараптар 2016 жылы туған баланы асырап бағуғу арналған талапкердің пайдасына алимент төлеуінің күнін, мөлшерін, шартын келісіп алып дауды медиация тәртібімен реттеу туралы мәлімдеді, ал талапкер медиативтік келісімде көрсетілген шарттарды мазмұндап арыздан бас тартатынын айтты.

Екінші іс бойынша жеке кәсіпкердің С. азаматына қойған қарыз сомасын өндіру туралы талап арызы бойынша апелляциялық сатының соты аңықтағандай, тараптар жөндеу қызмет көрсету бойынша ауызша келісімге келген, өз ретінде жеке кәсіпкер өз міндеттемесін орындаған, ал жауапкер ол бойынша төлем атқармаған, соның салдарынан 336 000 теңге көлемінде берешек пайда болған. Бірінші саты сот шешімімен жеке кәсіпкердің талап арызы қанағаттандырылып, С. азаматынан атқарған қызмет үшін сома өндірілген, алайда жауапкер сот актісімен келіспей, шағым түсірген. Істі апелляциялық қарау барысында тараптардан сот медиациясын өткізу туралы бірлескен мәлімдеме түсіп, нәтижесінде тараптар келісімге келді. Жауапкер қазан айының ортасына дейін қарыз сомасын өтеуге міндеттелді, ал талапкер талап арызынан, сонымен қатар, материалдық залал мен моральдық зиянды өтеу туралы қосымша талапты ұсынудан бас тартады.

Екі жағдайда да облыстық соттың сот алқасы, медиативтік рәсімдер өткізу бойынша тараптардын келген келісімінің мазмұнын тексеріп, заңға қарама-қайшы келмейтіндігін, басқа да бір тұлғаның құқығы мен заңды мүдделерін бұзбайтынын ескеріп, оны бекітті.

АПК-ның 424-бабының 4-тармағының күшіне сай бірінші сатының сот актілерін бұзып, АПК-ның 277-бабының 6-тармағының негізінде талапкерлерге бажды қайырып екі іс бойынша өндірісін қысқартты.

Аңықтамалар заңды күшіне еңді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі