Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Шыңғырлау ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов Шыңғырлау ауданында болған жұмыс сапары барысында сот ғимаратында «Ашық есік» күнін және жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік мекемелердің, құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді.

Іс шараға медиаторлар,  адвокаттар, жергілікті тұрғандар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында спикер «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асырылуына  және ауданда татуластыру рәсімдерінің қолданылуын арттыру тәсілдерін, дауларды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтарын түсіндіріп, халықтың құқықтық сауаттылықтың нығайту және ақпараттық технологияларды қолданылуын жетілдіру, «электронды сот төрелігін» дамыту бағыттарына ерекше назар аударды. Сот жүйесіне  жаңадан енгізілген Ахуалдық орталық туралы айтып, ол тікелей режимде соттар жұмысын бірыңғай мониторингілеу жүйесі болып табылатындығын жеткізді. Адам құқығын қорғау мақсатында қылмыстық процесті жаңғырту және тергеу органдары, прокуратура мен соттың арасындағы құзыреттілікті нақты бөлуіне бағытталған Құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселелеріне тоқтап өтті.

Жергілікті қоғам өкілдері өз сөздерінде дауды сотқа дейін реттеуің дамуы бойынша еңгізіліп отырған пилоттық жобаға оң бағаларын берді.

К.Адранов азаматтарды қабылдап, кейін судьялардың жұмыстарын зерделеп сот ұжымымен кеңес өткізді. Сот төрелігін жүзеге асыруда туындаған сұрақтар мен ұсыныстарын тыңдап, судьялардың сот төрелігін жіберудегі сапасына, істерді қарау мерзімдерін сақтауларына назарларын аударды.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі