Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Адранов Жәнібек және Казталов аудандарының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов жұмыс сапары барысында Жәнібек, Казталов аудандарының белсенділерімен кездесіп, үш аудандық соттардың ғимаратында азаматтарды қабылдау өткізді.

Кездесу шеңберінде жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелерінің басшылармен кеңес ұйымдастырылды.

Іс шараға аудандық және ауылдық округтерінің әкімдері, медиаторлар,  адвокаттар, жергілікті тұрғандар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында спикер «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асырылуына  және ауданда татуластыру рәсімдерінің қолданылуын арттыру тәсілдеріне, дауларды сотқа дейінгі реттеудің артықшылықтарын түсіндіріп, соның ішінде дауды сотқа дейінгі реттеуің дамуы бойынша еңгізіліп отырған пилоттық жобаға ерекше назар аударып айтып өтті. Қылмыстық процесті жаңғырту және құқық қорғау қызметін жетілдіру мәселелерінің түйінді міндеттерін ашып, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқару керектігін атап өтті. Электронды сот төрелігінің енгізудің басты міндеттерін атап, сот отырыстары залдарының сот отырысының барысын дәл тіркеп, іс бойынша қатысушыларға электронды жазбаларының көшірмелерін сұрауға мүмкіндік беретін дыбыс- бейне жазба құрал жабдықтармен жарақтандыру мәселелерін айтып берді. Ақпараттық технологияларды қолдану сот ісінің жургізуін автоматтандырып ғана қоймай, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға мүмкіндік берді. Латын қарпіне көшу мәселесін, сондай-ақ жаңа қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартың қабылдау үшін ғалымдар мен барлық жұртшылық өкілдерімен өзара байланысудың қажеттілігін қозғап өтті.

Осы мәселе бойынша өз ойларын құқық қорғаушылар мен медиаторлар айтты. Қ.Адранов сот жүйесінде медиация институтын дамытуға қосқан үлесі үшін Жәнібек ауданының кәсіби емес медиаторы  Болат Закаринге Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметовтің атынан алғыс хат табыстады.

Сапар барысында 10-нан астам тұрғынды қабылдап, алқа төрағасы қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, аудандық соттардың ұжымдарымен сот төрелігін іске асыруы бойынша жұмыс кеңесін өткізді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі