Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Б.Әметов Теректі және Бөрлі аудандарының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов қызметтік іссапармен облыстың алты ауданының тұрғындарымен және ауыл белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Б.Әметов жергілікті тұрғындарға азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін заң үстемдігінің тәжірибе жүзінде іске асырылу барысын түсіндірді.

Теректі және Бөрлі аудандарының тұрғындармен кездесуде Б.Әметов осы жылдың 8 айында былтырғы жылмен салыстырғанда соттар қараған істер санының азайғандығын, мұның өзі қоғамда даулардың соттан тыс шешілу институтының әрі қарай дамуын көрсететіндігін атап өтті. Сотқа дейінгі іс жүрізу кезінде дауларды шешу барысында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін медиаторларды тарту, азаматтардың мүдделері үшін қылмыстық сот ісін жүргізуді оңтайландыру туралы кешенді іс-шаралардың орындалу барысын хабарлады. Сонымен қатар, бұрын сотталғандарға, олардың түзелу жолына түсіп, қоғамнан өздерінің орындарын табу үшін оларға жұмысқа орналасуға, әлеуметтік-отбасылық қатынастарды қалпына келтіруге көмектесу мақсатында сотқа дейінгі пробацияны қолдану жайы талқыланды.

Б.Әметов электронды сот төрелігін дамыту мақсатында сот саласындағы енгізіліп жатырған соңғы инновациялық жұмыстар туралы, олардың қолданылуы азаматтардың соттың әділдігіне еш күмәнданбауын, сот жүйесінің ашықтығын және шынайылығын көрсететіндігін айтты.

Осы сұхбат барысында әрбір қатысушы, ақсақалдар, жұмысшылар және медиаторлар сот жүйесін реформалау жөнінде өздерінің ұсыныстарын білдірді, дауларды бітімгершілік жолымен шешудің қоғамдағы кикілжіңдердің азаюына басымдық беретін тәсіл екенін атап өтті.

Ауданның құрметті азаматы Василий Савченко облыстық соттың төрағасына кездесу ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді. Аудан тұрғындарының тарапынан құқықтық сана мен бастаманың төмендігін ескерте отырып, ауылдық округтердің әкімдеріне кикілжің жағдайларын жергілікті орындарда шешу үшін медиаторлармен бірлесе отырып жұмыс жасауға шақырды.

Ауданның кәсіпқой медиаторы Зауреш Шатикова жергілікті атқарушы органдарға кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен жиі кездесулер өткізуге, медиацияның үстемдігі туралы халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ұсыныс білдірді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі