Екібастұз соты ЖОО-ны бітірушіден мемлекеттік білім несиесі үшін қарызды өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотына талапкер «Қаржы орталығы» АҚ-ның жауапкер К.-ға білім гранты бойынша бөлінген 1 511 470 теңге сомадағы қарызды өндіру туралы  талап арызбен жүгінді.

Сот талапкер Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жауапкер Н. ауылдық квота бойынша  білім грантының иегері болып анықталып, оқытуға ЖОО-ның шығынын өтеу ретінде республикалық бюджеттен 1 354 600 теңге аударылғанын анықтаған.

2013 жылы оқу орнын аяқтағаннан кейін, жоғары оқу орнының комиссия хаттамасы бойынша «Оқушылар үйіне» КМК-ға жіберілді. Алайда, жауапкер жолдау бойынша жұмыс орнына келмей, өзінің оқуына байланысты бюджеттік шығындарды өтемеді.  

Азаматтық кодекстің 272-бабын басшылыққа ала отырып, міндеттеме заңнама талаптарына және міндеттеме шарттарына сәйкес тиісті түрде орындалуы тиіс, сот талап арызды толық қанағаттандыру шешімін қабылдады. «Қаржы орталығы» АҚ-ның пайдасына жауапкерден білім гранты бойынша бөлінген 1 511 470 теңге және мемлекет пайдасына 11 349 теңге көлемінде сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі