ЭЫДҰ хатшылығы мен мониторинг тобының сарапшылары Қазақстанның сот жүйесі реформасына жоғары баға берді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 11-15 қыркүйегінде Парижде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының ұсынымдарын іске асыру бойынша Қазақстан мониторингінің қорытындылары талқылануда.

Қазақстан делегациясының құрамында сот жүйесінен Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Ләззат Күдекова және Жоғарғы Сот аппараты бөлім меңгерушісінің орынбасары Дәурен Нұрпейісов бар.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев Қазақстандағы барлық реформалар бойынша баяндаманы ұсынды. Сарапшылардың назарына Қазақстанның, соның ішінде заң үстемдігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері ұсынылды. Сот жүйесі бөлігінде Жоғарғы Сот пен Жоғары Сот Кеңесінің реформаларымен азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейту, судьяларды іріктеу тетігі мен талаптарды күшейту, судьялардың жоғары моральдық бейнесін қалыптастыру, сот жүйесінің ашықтығы мен сот ісін жүргізудің автоматтандырылуы қамтамасыз етілді.

Қабылданған шаралар еліміздің түрлі халықаралық рейтингтердегі позициясының жоғарылауына мүмкіндік берді. Соның ішінде Дүниежүзілік экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі «Сот тәуелсіздігі» индикаторына сәйкес Қазақстан соңғы бес жыл ішінде өзінің көрсеткішін 43 позияцияға жақсартқан (111-ші орыннан 68-ге). «Doing Business–2016» Дүниежүзілік Банк рейтингісінің «Келісім-шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторында (сот жүйесіндегі реформалардың жағдайы туралы) Қазақстанның көрсеткіші 27 позицияға көтерілген.

Ағылшын құқығының қағидаттарына негізделген «Астана» Халықаралық қаржы орталығының жанында тәуелсіз қаржы сотының құрылуын ЭЫДҰ сарапшылары оң бағалады.

Отырыста А. Рахметулин сот жүйесіндегі реформалар туралы егжей-тегжейлі баяндама жасады. Жоғары Сот Кеңесінің дербес мекеме ретінде құрылғанын, судьялыққа кандидаттарды даярлау мен судьялардың кәсіби деңгейін арттыру үшін Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының құрылғанын, судьялар жүріп-тұруының халықаралық қағидаттарына сәйкес Судьялар әдебінің жаңа кодексі қабылданғанын, сот төрелігінің ашықтығы мен сот ісін жүргізуде жаңа технологиялардың пайдаланылуы жайлы, Қылмыстық процестік және Азаматтық процестік кодекс талаптарына сәйкес сот істерінде прокурордың қатысуы шектелгендігі айтылды.

А. Рахметулин еліміз сыбайлас жемқорлыққа қарсы ЭЫДҰ ұсынымдарына, БҰҰ конвенциясына сәйкес сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту бойынша жұмыстарды оны одан әрі жетілдіруді жалғастыратынын атап өтті.

ЭЫДҰ хатшылығы мен мониторинг тобының сарапшылары өз кезегінде Қазақстанның сот жүйесін реформалау бойынша қабылдап жатқан шараларына оң бағасын берді және осы рет сот жүйесінің бастамашылдығын атап өтті.

Қазақстандық тарап мәлімдемесінің қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ыстамбұл іс-қимыл жоспарының төрағасы Энери Киньонес ханым Қазақстанды ЭЫДҰ ұсынымдарын іске асыруда үлкен жетістіктерге жеткенімен құттықтап, қабылданып жатқан шаралардың ашықтығы мен қалған ұсынымдар бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Жалпы алғанда, берілген ақпарат үшін және Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қабылданған шараларының жоғары деңгейде таныстырылғаны үшін алғыс білдірді.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі
Тегтер: