Генерал Ильясовқа қатысты сот отырысы басталмақ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты ҚР ҰҚК-нің шекара қызметінің бұрынғы қызметкерлері, генерал-майор А.Ильясовқа, подполковник Д.Елемесовке,  капитан

А.Габдуллинге және аға сержант А.Есимовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауын тағайындады.  Алғашқы  сот отырысы 2013 жылдың 23 шілдесінде  сағ.10.00-де  өтеді. 

Аталған қылмыстық іс ашық сот отырысында алқабилердің қатысуымен  қаралады. Сотталушылар Қазақстан Республикасы ҚК-нің 311 бабының 5 бөлігі, 380-1 бабының 2 бөлігінің «в» тармағы, 235 бабының 3 бөлігінде көзделген ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлықпен ұштасқан қылмыс жасағандары үшін айыпталған.

Тергеу органдарының мәліметі бойынша,  генерал Ильясов және ол  ұйымдастырған топтың мүшелері лауазымды  тұлға бола тұра  шетелдік азаматтардан әлденеше рет аса ірі мөлшерде пара алған.  

Шекарашылар ақшаны «Батыс» аймақтық  басқармасына қарасты  ҚР мемлекеттік шекарасының «Бейнеу т/ж», «Тажет авто» және «Сырым авто» кедергісіз өткізілетін пунктерінде бопсалу арқылы алған.  

Іс материалдарына сәйкес сотталушылардың  барлығы 100 065 507 теңге пара  алып, оңай олжаға кенелген.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі