Генерал Ильясовқа және басқаларға қатысты сот отырысы басталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 23 шілдесінде Алматы қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 311 - бабының 5 - бөлігінде, 380 - 1-бабының 2 - бөлігінің «в» тармағында, 235 - бабының 3 бөлігінде көзделген ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағандары үшін генерал-майор А. Ильясовқа, подполковник Д. Елемесовке,  капитан А.

Габдуллинге және аға сержант А. Есимовке қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауына кірісті.

Алқабилерге үміткерлердің сот отырысына толық келмеуіне байланысты, сот талқылауына қатысатын алқа билерді іріктеу өткізілмеді. 

Сот запастағы алқабилерге үміткерлерді шақырту үшін 7 тамыз күнгі сағ.10.00-ге дейін үзіліс жариялады.

Бұрын хабарланғандай,  генерал Ильясов және ол ұйымдастырған топтың мүшелері лауазымды адамдар бола тұра  шетелдік азаматтардан бірнеше рет аса ірі мөлшерде пара алған. Шекарашылар «Батыс»  шекара қызметі өңірлік басқармасына қарасты Қазақстан Республикасы өткізу бекеттерінде «Бейнеу т/ж», «Тажет авто» және «Сырым авто» мемлекеттік шекарадан кедергісіз өткізу үшін ақша бопсалаған.  

Іс материалдарына сәйкес, сотталушылар  барлығы 100 065 507 теңге пара  алған.

ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі