Қостанайда заңды тұлғалар арасындағы берешекті өндіріп алу туралы дау медиация тәртібінде аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Екі заңды тұлға арасында шарт жасалып, соған сәйкес ЖШС мердігер ретінде Қостанай облысының Қарабалық ауданындағы Надеждин кенішінің карьерін дегран одиориттерді 200 000 текше метр көлемінде жарылыс жұмыстарын орындауын жүзеге асырған.

Жұмыстарды орындау бойынша төлемнің жалпы сомасы 6 миллион теңгені құраған. ЖШС тапсырыс беруші ретінде 1 миллион теңге көлемінде төлем жасаған. Осы ретте, мердігердің шарт бойынша міндеттемелерін орындағанына қарамастан ЖШС қалған соманы төлемеген. Мердігер берешекті өндіріп алу туралы талап арызымен Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінген.

Сот талқылауы барысында сотқа тараптардан медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізу туралы арыз түсті.

Арызды қарау нәтижесі бойынша сот заңды тұлғалар арасында медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді бекітті.

Келісім шарттары бойынша жауапкер 3 миллион  107 мың теңге көлемінде өкілдік шығындары мен негізгі шарт сомасын белгіленгін мерзімде төлеуді міндетіне алды.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі