ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтаймын!

Наурыз – жыл басы, күн мен түннің теңесетін уақыты. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы тойлап келе жатқан бұл мейрам – жаңару мен жанданудың, табиғат пен адам арасындағы үйлесімнің және тазалықтың символы. Еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап, бүкілхалықтық мейрам ретінде оның мән-маңызы арта түсті. Наурыз мейрамы – тарихымызды тереңінен танып, түбі бір түркі халықтарына ортақ ежелгі бай мәдениетімізді, асыл құндылықтарымыз бен салт-дәстүрімізді сабақтастыруға тың серпін берді. 

Бүгінде Наурыз – татулық пен тұрақтылықтың, Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдерінің баянды бірлігі мен жарасымды тірлігінің жарқын көрінісі. Бұл – Мемлекет басшысы жүргізіп отырған сарабдал саясаттың басты басымдығының, елімізді одан әрі табысты дамытудың және азаматтардың өмір сүру сапасын арттырудың айқын кепілі.  

Қымбатты достар! Кең байтақ Отанымызға шын жүректен бейқұт өмір және өсіп-өркендеу, әрбір шаңыраққа баянды бақыт пен құт-береке тілеймін! Наурыз мейрамы баршамызға зор денсаулық, толағай табыс, елімізге тұрақтылық пен молшылық әкелсін!

 

Қайнар: 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми