Қызылорда облысында әкімшілік істер алғаш рет бейнебайланыс арқылы қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының  судьялары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 517-бабына сәйкес келіп түскен әкімшілік істерді алғаш рет бейнебайланыс арқылы  қарады.

Іс құжаттарына сәйкес, Өзбекстан Республикасының азаматтары «жеке мақсатпен келдім» деген желеумен өңірдегі жұмыс берушілермен ауызша мәміле жасасып, ішкі істер органдарына уақытша тіркеу және рұқсат алук талабын бұзып,  заңсыз жұмыс істеп келгенген.

Құқық бұзушылар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 7-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алынды.

Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының сот залдары мен қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі әкімшілік қамаққа алынған адамдарды арнайы қамау орындарының бейнебайланыс құрылғыларымен жарақтандырылуы әкімшілік істерді онлайн режимде қарауға мүмкіндік беріп отыр.

Сот отырыстарын бейнебайланыс арқылы өткізу уақытты үнемдеп,  сот ісін жеңіл әрі жедел жүргізуге ықпал ететіндігін атап өткен жөн. 

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі