Қызылордада облыстық сотының қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығына келушілерге «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктерін түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Қызылорда - Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Соттар әкімшісінің ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Шыңғыс Аманқұлов пен қалалық соттың кеңсе меңгерушісі Нұрила Дүйсенова Халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық қабылдау өткізді.

Олар қабылдауда «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің мүмкіндіктерін және соттарға енгізілген жаңашылдықтар бойынша түсіндірмелер берді. Атап айтқанда, Н.Дүйсенова «Сот кабинеті» сервисі арқылы электрондық талап арыздарды беру тәртібін көрнекті түрде электрондық құжаттарды жіберу жолдарын көрсетті. Ш.Аманқұлов бүгінгі таңда сервистің ұялы телефондарда да қолжетімді екендігін, онлайн портал сервисі сәйкестендірілген қосымшасы арқылы, белсенді жаңалықтарды қарау, сот отырыстарының тізімі, істің қаралу барысы және жолданған құжаттар, сот отырыстары туралы мағлұматты көрсететін сот процестеріне қатысушыларының күнтізбесі секілді көптеген функционалдардың қамтылғандығын атап өтті. Мобильдік қосымшаны қолданушылар «чат»  арқылы бір бірімен әлеуметтік желі жаңалықтарымен  бөлісе алады.

Спикерлер ағымдағы жылдың 9 айында облысы соттарына «Сот кабинеті» арқылы азаматтардан  24 211 талап арыз түсіп, тіркелгенін атап өтті.

Шараға қатысушылар өздеріне берілген мүмкіндікті пайдаланып, соттарда қолданылып жатқан өзге де жаңа технологиялар бойынша сауалдарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі