Орал қаласында қылмыстық істерге қатысты тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету және бітімгершілік рәсімдердің қолданыс аясын дамыту бағытында бес жақты меморандумға қол қойылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облыстық сотында сотқа дейін тергеп-тексеру бойынша іс жүргізу  кезінде тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсету бойынша, сонымен қатар, өзара қарым-қатынасты жан-жақты нығайтып дамытуды және дауларды сотқа дейін реттеу институтын сәтті енгізу мақсатында бес жақты өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ақан Жұмағұлов, облыс прокурорының орынбасары Александр Цуранков, Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшысының м.а. Рүстем Шалов, Ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Берік Аймурзин және БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов қол қойды.

Құжат сотқа, прокуратура органдарына және сотқа дейін тергеп-тексеру және пробация қызметіне қылмыстық істер бойынша сотқа дейін пробация рәсімін әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін медиаторлардың қатысуымен  сотқа дейін тергеп-тексеру сатысында және сотта дауды (жанжалды) соңына дейін реттеу үшін жәбірленуші тарап пен кінәлі тұлғаның арасындағы дауды сәтті шешу мақсатында кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Тұрғындардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарына қатысты күдіктілер мен айыптаушыларды кешенді зерделеу арқылы олардың жеке және нақты өмірлік жағдайларын саралап, жеке көзқарасын анықтау кезінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді жүзеге асыру. Кәмелеттік жасқа толмағандарға, мүгедектерге, 58 немесе одан жоғары жастағы әйелдерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейін кішкентай балалары бар әйелдерге, 63 немесе одан жоғары жастағы ер адамдарға,  үш жасқа дейін кішкентай балалары бар жалғыз бастыларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге келісті. Қылмыстық сот төрелігіне тап болған, пробацияға жататын тұлғаларға олардың қылмысты қайталауына жол бермеу және қоғамда өз орнын мемлекет тарапынан жан-жақты әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді. Іс-шаралар кешені медициналық кызмет көрсетуді, орта білім алуды, жеңілдіктер және әлеуметтік төлемдер, мамандық меңгеруді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, психологиялық қамтамасыз етуді және кеңесті, әлеуметтік патронаж, отбасылық жағдайды қалпына келтіруді және өзге де әлеуметтік-оң байланыстарды тараптардың өзара келісімін сақтауды қамтиды.

Осы кездесуге қатысушылар Меморандумға қол қою заң бұзушылыққа жол берген тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал тобына жататын әлеуметтік тұлғаларды сүйемелдеуді күшейтіп, іс-шаралар кешенін енгізудің негізін қалайды деп есептейді.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі