Оралдағы екі сотта сот органдарының электрондық сервистеріне қолжетімділік үшін мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша мобильді ХҚКО іске қосылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен және Мемлекеттік корпорациясымен бірлескен іс-қимылы нәтижесінде «Азаматтарға арналған Үкімет» пилоттық жобасының шеңберінде соттарда азаматтарға электронды санды қолтаңба (ЭСҚ) беру ісін оңайлату мақсатында Батыс Қазақстан облысының екі сотында: Орал қаласының №2 соты және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мобильді ХҚКО бөлімшесі ашылды.

Азаматтар «Сот кабинеті» сервисін қолданайын десе, ЭСҚ рәсімдей алмағандарын айтып бірнеше рет шағымданған болатын.  Электронды сот ісін жүргізуді дамыту мақсатында енді Орал тұрғындарына сот ғимараттары ішінде кейбір мемлекеттік қызметтер қолжетімді болды. Азаматтарға ЭСҚ алудан бөлек, автоматтандырылған электрондық анықтама мен өзге де қажетті құжаттар алу мүмкіндігі туды. Мемлекеттік қызметті «Мемлекеттік корпорация» азаматтарға арналған Үкімет» КЕАҚ  БҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің маманы көрсететін болады.

Жауапты сот қызметкерлері жұмыс уақытында «Сот кабинеті» арқылы электронды арыз бергенде қажетті көмек көрсетіп, сервис жұмысына байланысты өзге де сұрақтарға жауап береді.

Батыс Қазақстан облысы соттарына «Сот кабинеті» сервисі іске қосылғалы бері 2 200 106 арыз келіп түсті. Осылайша, азаматтар соттардың электронды сот төрелігіне қолжетімділіктің артуын оң бағалауда.

Қайнар: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі