Өскеменде қылмыстық сот ісін жүргізуде медиацияны қолдану аясын кеңейту мүмкіндіктері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Владимир Бычков пен Елдос Жұмақсанов, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі №1мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Анна Жұмағұлова және Ұлан ауданының №2 аудандық сотының судьясы Әлия Байжұменова «Қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиация» тақырыбында «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Өскемен қаласының Достық үйі қоғамдық келісім орталығымен, «Ұлттық медиаторлар палатасы» РҚҰ өкілдігімен және ҚХА хатшылығының ұйымдастыруымен өткізілген талқылауға ШҚО ҚХА хатшылығының басшысы Асқар Нұрғазиев, Өскемен қаласы прокуроры орынбасарының міндетін атқарушы Арман Қыдырғалиев, Ішкі істер департаментінің Үлбі полиция бөлімінің, Өскемен қаласы ІІБ, Ертіс полиция бөлімінің, Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері, кәсіби медиаторлар, сондай-ақ БАҚ өкілдері   қатысты.

Аталған іс шарада А.Жұмағұлова кәмелетке толмағандардың істері  жөніндегі қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиация туралы, А.Байжұменова  қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиция туралы баяндама жасады. Қатысушылар қылмыстық сот ісін жүргізудегі медиацияны қолданудың шын мәнінде жеткен нәтижелерін  және пилоттық жобаның одан әрі даму жолдарымен өзара пікір алмасты.

«Дөңгелек үстелдің» қатысушылары медиацияның дамуы үшін қылмыстық істерді қарауда және тергеп-тексеру ісінде Қылмыстық кодекстің 68-бабына өзгерістер енгізу қажет деген ортақ пікірге келді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі