Павлодар қалалық соты полиция қызметкерін жұмысқа қайта алдырды және амалсыз бос жүрген уақыты үшін милллионнан астам теңгені төлеуге міндеттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық сотында С-тың Павлодар облысының ІІД-не  жұмысқа қайта алу, жалақыны өндіріп алу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

С. 2015 жылы Павлодар облысы ІІД-нің тергеу басқармасы бастығының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылданғаны анықталды. Еңбек қатынастары жұмыс берушінің бастамасы бойынша тоқтатылған, себебі талапкер екі жұмыс күні ішінде дәлелді себепсіз қызметте болмай, қызметтік тәртіпті өрескел бұзған.

Алайда, сот отырысы барысында С. жұмыс орнында дәлелді себеп бойынша болмағаны анықталған, өйткені ол уақытша жұмысқа жарамсыз парақтарын ұсынған.

Сот шешімімен С. бұрынғы қызметіне қайта алынды және амалсыз бос жүрген уақыты үшін 1 142 262 теңге мөлшерінде орташа жалақысы өндіріп алынды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі