Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов Павлодар және Екібастұз тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кездесулерге сонымен қатар Павлодар қаласының №2 соты төрағасының м.а. Әнуарбек Оспанов, Екібастұз қалалық сотының төрағасы Қабиболла Бағоншеков сот корпусы, адвокаттар қауымдастығының өкілдері, мемлекеттік, құқық қорғау органдары, үкіметтік емес секторының басшылары, медиаторлар және т.б. қатысты

М.Смағұлов өз сөзінде қылмыстық процес пен құқық қорғау қызметінің ұсынылған реформасын құқық үстемдігін қамтамасыз ету бойынша өткізілген саясаттың жаңа кезеңі деп атады.

Қылмыстық процестің жаңғырту аспектілерін түсіндіруде, облыстық соттың төрағасы бес негізгі бағыттарын атап өтті. Атап айтқанда сот сатысында сот бақылауын одан әрі кеңейту, қылмыстық процестің жарыспалылық деңгейін арттыру, тергеу рәсімін жеңілдету, қайталауды жою және қылмыстық қудалау, прокуратура және сот органдары арасындағы процессуалдық өкілеттіліктерді нақты бөлу.

«Тұтастай алғанда, ұсынылған шаралар қылмытық сот ісін жүргізудегі ашықтықты арттырады және адам құқықтарын қорғау механизмін күшейтеді. Осыған байланысты қылмыстық процестің ерекше қазақстандық үлгісі жоғары оңтайлы стандарттарға негізделетін болады», - деді М.Смағұлов.

Қылмыстық заңнамадағы жаңғыртулар туралы судьялар, прокурорлар, адвокаттар, құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мағлұмат берді.

Спикерлер алдын алу шараларын санкциялау үшін ұсталған адамды сотқа беру мерзімін қысқарту, дәлелдемелерді жинау бойынша адвокаттардың кең өкілеттілігін беру, тергеудің оңайлатылған рәсімін енгізу бойынша  қамауда ұстау туріндегі бұлтартпау шарасы қолданылатын қылмыс санаттарының қысқартуын маңызды жаңалықтар деп атап өтті.

Кездесуді қорытындылай келе, облыстық соттың төрағасы ведомствоаралық жұмыс тобы әзірлеген және Мемлекет басшысының мақұлдаған жаңалықтары сот төрелігін әділ, объективті, ал қылмыстық процесті – барлық сот сатыларында қолжетімді ететін, қылмыстық заңнама азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімді құралдарымен толықтыратынына сенім білдірді.

Облыстық сот төрағасының Екібастұз қалалық сотында өткізілген қабылдауында үш азамат болды. А.Хамит, А.Мейрамова, Ю.Наак кассациялық тәртіпте сот актілеріне шағымдану, оған қоса тұрғын үй және отбасылық-некелік жанжалдарды сотқа дейінгі тәртіпте шешу мәселелеріне қатысты сұрақтарын қойды. М.Смағұлов барлық қойылған сұрақтарға толық жауап берді.

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі