Петропавл, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстық соттарында ЭЦҚ-ны беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жобасы іске қосылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Петропавл қаласының № 2 сотында Электрондық үкіметтің бұрышы ашылды

Ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Оян Мүтәләпов пен «Азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация» КЕАҚ-тың Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығының» басшысы Серік Бейсенов қатысты.

Салтанатты ашылу рәсіміне соттың, ХҚКО-ның қызметкерлері, сондай-ақ Петропавл қаласының тұрғындары қатысты.

О.Мүтәләповтің айтуынша, жоба соттар қызметіндегі ақпараттық технологиялардың қолдануын одан әрі дамуына бағытталып, электрондық сандық қолтабаны, сондай-ақ автоматтандырылған электрондық анықтамаларды тапсыру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуді көздейді.

Аталмыш қызметті алу үшін соттағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының» қызметкеріне жүгіну керек.

«Енгізілген пилоттық жоба компьютері мен интернеті жоқ азаматтарға электрондық сандық қолтаңбаны тікелей сотта алуға мүмкіндік береді. Қызметті пайдалану алу тәсілі Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы тәртіппен бірдей», - деді С.Бейсенов.

Сот кеңсесінің қызметкері қажет болған жағдайда талап қою арыздарын/өтініштерді және басқа да құжаттарды «Сот кабинеті» электронды қызметі арқылы республиканың кез келген сотына жібергенде қажетті консультациялық және практикалық көмек көрсетеді, мұның өзі болашақта талап қою арызының қозғалысына, қаралуына, сот актілерімен танысуға, оларға шағым беруге қатысты барлық мәселелерді өзінің жеке кабинетінде қарап отыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында тараптар өзара тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдіріп, жемісті еңбек, сондай-ақ, қалың бұқараның сот төрелігіне қолжетімділігін кеңейту жөніндегі қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыруда бір-біріне табыс тіледі.

 

Атырау қалалық сотында азаматтарға электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру туралы жоба өз жұмысын бастады. Ендігі уақытта электронды цифрлық қолтаңбасы жоқ, алайда сотқа электронды түрде арыз беруге ниет білдіргендер, тиісті құжаттарын қалалық сот ғимаратында ала алады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері жүзеге асырады.

Осыған орай, енгізілген жаңашылдықты тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мақсатында көрсетілетін қызмет түрі телеарна мен басылымдағы БАҚ өкілдеріне арнайы таныстырылды. Онда азаматтарға ЭЦҚ, электронды анықтама және өзге де құжаттар қалай берілетіні нақты көрсетілді.

Бұл күні ЭЦҚ алуға келген Атырау қаласының тұрғыны Ерназ Ерсайынов жобаның озық және өзекті екендігін атап өтті.

«Аталған жоба аясында уақытты едәуір үнемдеп, талап арызды сотқа «Сот кабинеті» арқылы жедел тапсыруға болады», - дейді сотқа келуші.

 

Шығыс Қазақстан облысының төрт сотында: Өскемен, Семей, Риддер қалалық соттарында және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында мобильді ХҚКО-нің кабинеті ашылды.

Облыс соттарының ғимараттарында сотқа келушілерге электрондық цифрлық қолтаңба беру бойынша электронды анықтамалар және «Сот кабинеті» арқылы құжаттарды жолдауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мұнда «Азаматтарға арналған үкімет» (ХҚО) мемлекеттік корпорациясы» АҚ қызметкерлері қажетті анықтамаларды беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сервисті қолданушы «Сот кабинеті» сервисінде стандартты тіркеуден өтіп, қолданушылық келісімге қол қойып, сотқа электронды нысандағы құжаттарды беру туралы ұсынымдармен танысады. Компьютер, интернет және электронды цифрлық қолтаңба болған жағдайда, апелляциялық шағымды және басқа да өтінішхаттарды кез келген уақытта беру мүмкіндігі сервистің артықшылығы болып табылады. Сонымен қатар, сервис шағымның  қозғалысын, қаралуын және басқа да арыздармен, сот актілерімен танысуды қадағалауға мүмкіндік береді.

Аталған электронды қызмет азаматтарға уақыт пен жол шығынын үнемдеп, әрі сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдетеді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі