Риддерде сот залалды өндіріп алу туралы дауды медиация арқылы реттеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Риддер қалалық соты материалдық шығын мен моральдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

У. Риддер қалалық емханасынан және М.-дан емнің дұрыс жүргізілмеуі салдарынан екі аяғын кесіп тастағаны үшін 5 000 000 теңге моральдық залал, 100 000 теңге көлемінде материалдық шығынды өңдіру туралы талап арызбен жүгінді.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібінде реттеуді сұрады.  

Сот дауды медиация тәртібінде реттеу туралы келісімге келді. Оның шартына сәйкес жауапкер У.-ға  моральдық залалдың өтемі ретінде 1 500 000 теңге, материалдық шығынның өтеміне 150 000 мың теңге төлеуге міндеттенді. М.  Риддер қалалық емханасына лауазымдық міндеттерін орындау барысында емделушінің денсаулығына зиян келтіргені үшін 825 000 теңге көлемінде ақшалай соманы регресс тәртібінде төлеуге келісті.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі