Семейде мектеп директоры әкімшілік жауапкершілкке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО Семей қаласының мамандандырылған  әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 681-бабымен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған  «№12 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің директоры Б.Құсайыновқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Сотта Б.Құсайыновтың «№12 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бола тұра, еңбек келісім-шартын жасауға қажетті құжаттарды талап етпей, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адаммен еңбек-келісім шартын жасағаны анықталды. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының статистикалық есеп және құқықтық статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, Семей қаласының №2 сотының 2011 жылы 2 қыркүйектегі үкімімен ҚР ҚК-нің 176-бабының, 3-бөлігі, «б,г» тармақтарымен, ҚР КҚ-нің 314-бабының, 1-бөлігімен мемлекеттік мекемелермен өнеркәсіптерде қаржы-экономикалық қызметпен айналысу құқығынан  3 жылға айырылып,  2 жыл 6 айға шартты түрде  сотталған Р.Джуматаеваны бас есепші лауазымына жұмысқа қабылдаған. 

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 31-бабының, 1-бөлігінің, 9-тармақшасына сәйкес білім беру саласында еңбек келісім шартын жасау үшін қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоқ екендігі туралы анықтама ұсыну қажет. Алайда, Б.Құсайынов бұрын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адаммен қажетті құжаттарды талап етпей еңбек шартын жасаған.  

Сот қаулысына сәйкес Б.Құсайынов ӘҚБтК-нің 681-бабымен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  мемлекеттік бюджет пайдасына жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни екі жүз он екі  мың бір жүз теңге  айыппұл салынды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі