Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Д.Әбдіғалиев қызметтік сапар барысымен аудандық соттарды аралады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев және облыстық соттың судьясы Елдос Жұмақсанов Риддер қалалық және Риддер қаласының мамандандырылған ауданаралық соттарында қызметтік іс-сапарда болды.  

Кеңейтілген жиынға: құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік органдардың басшылары, судьялар, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, нотариустер, қала активі және жергілікті БАҚ-ның өкілдері  қатысты.

Д.Әбдіғалиев, Ұлт Жоспарын  іске асыруда сот реформаларына қатысты, яғни сот жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған, жаңа деңгейге көшуді қамтамасыз ететін, ең жоғарғы халықаралық стандартқа сай келетін нақты қадамдар қарастыратындығын атап өтті.

Д.Әбдуғалиев  өз баяндамасында, «Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы негізгі мақсаттарды: қалыптасқан дәстүрді және рухани құндылықтарды сақтай отырып, өз мәдениетін, қазақ тілін дамытуды анықтады. Қазақтың рухани мәдениеті – бұл  мықты идеология. Атап айтқанда, оның жандануы біздің бірлігімізді сақтауға көмектеседі,  ол әлемдік революцияның жаңа нысандары діни экстермизимге, сепаратизмге қуатты кедергі болады», - деп атап өтті. 

Шара барысында соттардың төраларының баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, кездесу аясында қатысушылармен медиация институтының даму сұрақтары, дауға қатысушы тұлғаларды татуластыру рәсімдерін сотта және сотқа дейінгі сатыда қолдану, Қазақстандағы медиациянының қолдану аясын кеңейту,  атқару жазбасы институтын дамыту қажеттілігі туралы кеңінен талқыланды. 

Кездесу барысында Д.Әбдуғалиев дыбыс-бейне жазба құрылғыларымен және ақпараттық технология жүйелерімен жабдықталған сот мәжілісі залдарындарын аралап, облыс соттарының қызметімен танысты. Сонымен қатар, судьялардың жұмысымен танысып, сот төрелігі сапасын арттырудағы ұсыныстары мен проблемаларын тыңдай келе,  судьялардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыру, істі қарау мерзімдерін сақтау, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау қажеттілігіне аудартты.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі