Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шемонаиха ауданының  тұрғындарымен кездесу барысында Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Шақпантаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі идеяларын түсіндірді.

Іс-шараға аудан әкімі, судьялар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, қорғаушылар, сондай-ақ Шемонаиха ауданының тұрғындары қатысты.  

Қ.Шақпантаев жас ұрпақтың рухани мәдениетін көтеру мақсатында облыс соттары билер сотының, қазақ интеллигенциясының өкілдері,  мәдениет және өнер қайраткерлері туралы кездесулер, «дөңгелек үстелдер», тарихи-танымдық сайыстар ұйымдастыру шараларын өткізуді жоспарлап отырғандығын атап өтті. 

Елбасы өз мақаласы арқылы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы жариялағанын баса айта келе, құжаттың негізгі бағыттарын толық, жан-жақты қатысушылардың назарына жеткізді. Жаңарудың ең маңызды екі саяси бағытына екпін берілді, олар – саяси реформа және экономиканың жаңғыруы.

«Бұл мақаланың мақсаты – алдыңғы қатарлы дамыған әлемнің отыз елінің қатарына ену. Жаңғыртылған екі бағыттың да нақты міндеттері мен мақсаттары, басымдықтары мен оларға қол жету әдістері бар», - деп атап өтті Қ. Шақпантаев.

Сонымен қатар, сот жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар, алқа билері сотының дамуы, татуластыру рәсімдерінің қолданылуы, сот мәжілістерінің аудиобейнетіркеуі, ақпараттық технологиялар, «Сот кабинетінің» жұмысы, БАҚ-пен және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы өзекті тақырыптар бойынша мәліметтер берді.

Өз кезегінде, аудан әкімі мен кездесуге қатысушылар спикерге Мемлекет басшысының мақаласы бойынша мазмұнды ақпарат бергені үшін алғыс білдірді.

Кездесуден кейін Қ. Шақпантаев азаматтарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап берді.

Сапар соңында Шемонаиха аудандық соты судьяларының қатысуымен сот төрелігін жүзеге асыру сапасы бойынша жиналыс өтті.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі