Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың механизмін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы: нақты ахуалы мен перспективалары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Форумды ұйымдастырушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтарын алдын алу, жастарды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды шарты ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттауды механизмдерін талқылады.

Конференция жұмысына облыстық соттың судьялары, облыстық әкімдіктің, мемлекеттік және құқыққорғау органдарының, маслихат пен «Нұр Отан» партиясының, үкіметтік емес органдардың, қоғамдық институттардың, жоғарғы оқу орындары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Форумда сөз алған Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов өз сөзінде, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, мемлекеттік қызметті жетілдіру, департаменттің функциялары және мемлекеттік органдардың жұмыстарындағы кемшіліктері туралы айтты. 

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров сот жүйесінде жемқорлықпен күресудің негізгі жолы – ашықтық пен жариялылық екендігін атап өтті. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде қойылған міндеттерді іске асыруды бүгінде басты міндет екндігін айтты. Д.Әміровтің айтуынша, облыс судьялары қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттыруға және сот төрелігін сапалы атқару шеңберіндегі олардың алдына қойылған міндеттерді іске асыруға белсенді түрде қатысуда.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты жетістіктері халықтың санасының өзгергенін айтты. «Сыбайлас жемқорлық заңды бұзу деп қана қабылданбай, еліміздің дамуына қауіп төнуі және адамды қазақстандық париотизмге балалық шағынан тәрбиелеу, мемлекеттің тығыз әріптестігі мен  қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра алуы ретінде болуы керек» - деді Д.Мусин.  

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қ.Сапарғалиев, облыстық соттың қылмыстық істер бойынша алқа төрағасы Қ.Чакпантаев, облыстық соттың азаматтық істер бойынша алқа төрағасының м.а Б.Шарнаева, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің доценті, әлеуметтік ғылымдарының кандидаты Э.Столярова, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің Қазақстан тарихы және құқық кафедрасының аға оқытушысы-құқық магистрі Г.Жук,  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті Г.Байркенова баяндама жасады.

Конференция барысында қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі міндеттері мен оны іске асыру үшін қолданылып отырған шараларды, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қараудың сот тәжірибесін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудағы мәселелер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралы ретіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеуді оқыту процессіне енгізудің механизмін талқылады.

Конференцияның соңында сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу механизмдерін әзірлеуге резолюция  қыбылданды.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі