Шығыс Қазақстан облысының МАЭС жыл басынан бері 36 партисипативтік келісім бекітіп, нәтижесінде талапкерлерге 24 миллион теңгеден астам мемлекеттік баж салығын қайтарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жеке кәсіпкер И. өзінің әріптесі жеке кәсіпкер Т.-дан қарыз ақша сомасын өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Іс материалдарына сәйкес, талапкер өзінің кәсіпкерлік қызметі шеңберінде жауапкерге бір ай мерзімге қарызға ақшалай сома берген. Алайда, жауапкер қазіргі уақытқа дейін өз міндеттерін орындамаған.

Тараптар істі қарау барысында партисипативтік рәсім тәртібімен дауды реттеу туралы келісімге келді. Келісімге сәйкес жауапкер белгіленген мерзімге дейін берешекті қайтаруға міндеттеді. Келісім тиісті түрде орындалған жағдайда талапкер өзінің материалдық-құқықтық талаптарынан  толық көлемде бас тартады.

Сот дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітті.

Дауды реттеудің балама әдістерін кеңінен қолдану іске қатысушылардың шығындарын төмендетіп қана қоймайды, сонымен қоса, сот жүйесінің жүктемесін азайтатынын атап өту  қажет, бұл сот төрелігін жүзеге асыруда оң әсерін береді. Татуластыру келісімдерінің бір артықшылығы мемлекеттік бажды қайтару болып табылады, бұл іске қатысушылардың сот шығындарын азайту мүмкіндігін тудырады. Татуластыру рәсімдері соттың қорғау нысанында қолданылады, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзбайды. Осының арқасында, тараптар даулы мәселелерді өзара бейбіт түрде шеше алады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған экономикалық соты тараптардың татуласуына байланысты 24 036 903 теңге сомасындағы мемлекеттік баж салығын кері қайтарды.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі